«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қатаң фискалдық саясат бизнестің «түбіне жетеді»

2015 жылғы 17 Қыркүйек
10217 просмотров

Ақмола облысындағы ірі кәсіпорындардың бірінің басшысы, «Көкшетау минералды сулары» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Асқар Әлиев әріптестерінің салық саясатын қатайтуға қатысты ұстанымымен келісетіндігін білдірді.

Оның пікірінше, қатаң фискалдық саясат бизнес пен инвестициялық орта жағдайының нашарлауына, іскерлік белсенділіктің төмендеуіне алып келеді. «Салық жүктемесі жүздеген компанияның «түбіне жетеді», кәсіпкерлер қызметін тоқтатады, не көлеңкеге кетеді, - деп мәлімдеді Асқар Әлиев. – Қазіргі жағдайларда салық саясаты жасырын талқыланып, бизнес тағдырын шешетін шешімдер ат үсті қабылданбай, үйлестіріліп, жария түрде құрылуға тиіс», - дейді бизнесмен.

Сәл бұрын «Көкшетау минералды сулары» АҚ пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты есептеу әдістемесін өзгертуді бастамалаған болатын. Компания сарапшылары судың бір текшесінен АЕК-ке таңылған, экономикалық тұрғыдан  негізді көлемді белгілеуді ұсынды. Асқар Әлиевтің ойынша. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитеті ұсынып отырған өлшемдер шындықтан алшақ кеткен. Ол қабылданған жағдайда аталмыш салада еңбек етіп жүрген кәсіпорындардың көпшілігі банкрот атанады, ал алкогольсіз сусындар өндіру жөніндегі сала мүлдем жоғалып кетеді.

«Пайдалы қазбаны өніруге салынатын салық мөлшерлемесін көтеруді Мемлекеттік табыс комитеті кәсіпорындары жер асты суларының жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын өнеркәсіп салаларымен еш келісусіз бастамалап отыр. Бұл тау-кен, мұнай-газ, отын, химия, құрылыс, тамақ, медицина және басқа да компаниялар. Атап айтсақ, «Қазхром» ҰАҚ» АҚ, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «Евразиан Фудс Корпорэйшн» АҚ, «Бахус» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Химфарм» АҚ, «Көкшетау минералды сулары» АҚ, «Асем-Ай» ЖШС, «Алекс» ЖШС және көптеген басқалары», - деп баса көрсетті «Көкшетау минералды сулары» АҚ басшысы.  

Кеден одағы елдерінде ПҚӨС мөлшерлемесі Қазақстандағы қолданылып жүрген мөлшерлемеден едәуір төмен екенін айта кетейік. Мәселен, Ресейде бизнес жер асты суларын өндіруде пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты жалпы құннан 5,5%-7,5% аралығындағы мөлшерде төлейді. Беларусьте осы салық теңгеге қайта есептегенде 80 теңге/м3 мөлшерден аспайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер