«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесменнің абыройын сақтап қалды

2016 жылғы 17 Мамыр
- Алматы қаласы
8531 просмотров

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері жеке кәсіпкердің мүддесін қорғады

2016 жылдың 14 сәуірінде Алматы Кәсіпкерлер палатасына «Эльра» ЖК өзінің серіктесі тарапынан негізсіз түскен талап-арыз дерегі бойынша қолдау көрсетуді сұрады.

«Эльра» компаниясы мемлекеттік тапсырыс аясында №7 қалалық клиникалық ауруханаға қоларбаларға арналған доңғалақтар жеткізумен айналысады. Келісімшартқа сәйкес, жеткізілім мерзімі 2016 жылдың 25 наурызына белгіленген болатын (келісімшарт жасалған сәттен бастан 15 күнтізбелік күн ішінде). Алайда, орынды себептермен тауар үш күн кешіктіріп жеткізілген, бұл туралы жеткізуші тапсырыс берушіге күні бұрын хабарлаған.

Тауардың кешігуі сот дауына негіз болды. «№7 қалалық клиникалық аурухана» МКМ әлеуеттік жеткізушіні мемлекеттік сатып алулардың жауапсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арыз берді. Мұндай мән-жайдың кәсіпкерді Мемлекеттік сатып алуларға қатысушылар тізілімінен 2 жыл мерзімге шығарып тастауға әкеп соғатынын айта кеткен жөн.

Оған қоса, 30 наурызда дәрігерлер бағалық ұсыныстарды электронды іріктеу жолымен қайталама сатып алу жүргізеді, мұнда тағы да «Эльра» ЖК жеңімпаз болып шығады. Ащы тәжірибеден сабақ алған жеткізуші енді тауарды белгіленген мерзімнен 5 күн бұрын жеткізіп береді. Бүгінгі күні жеткізушінің тауарды жеткізуі толығымен іске асырылған, бірақ тапсырыс беруші тарапынан ақы төлеу мен қабылдау-тапсыру актісіне қол қою орындалмай отыр.

Алматы Кәсіпкерлер палатасының құқықтық сарапшысы Ләззат Ақылжанова «Эльра» ЖК-нің мүддесін қорғап, сот процестеріне екі рет қатысты. Соның нәтижесінде 2016 жылдың 20-сәуірінде Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «№7 қалалық ауруханасы» МКМ-нің «Эльра» жеке кәсіпкерлігін мемлекеттік сатып алулардың жауапсыз қатысушысы деп тану туралы талаптарын қанағаттандырусыз қалдырды. Палата жеке кәсіпкердің кінәсіздігін және оның мемлекеттік сатып алуларға одан әрі қатысу құқығын дәлелдеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер