«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Үрей құшағындағы 4 жыл

2017 жылғы 11 Шілде
- Алматы қаласы
4728 просмотров

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы бизнесменге тергеушінің сесінен құтылуға көмектесті

«Желтоқсан орманы» компаниясының директоры Игорь Митрофановқа ЖШС-ның миноритарлық қатысушының жалған қолын жасаған деген айып тағылған. Бұл ұйым көп жылдан бері мұнай өнімдерін сатып алумен және өткізумен айналысады. ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес Игорь Митрофанов қамауға алынуы керек. Қылмыстық іс 2013 жылы қозғалған. Содан бері компанияның да, оның директорының да жұмысында береке болмаған. Сотқа дейінгі тергеу бірде жүргізілсе, бірде қылмыстық құрамы жоқ деп жауып тастаған.

«Маған қатысты қылмыстық тергеу жүргізіліп келе жатқанына 4 жыл болды. Осы уақыт аралығында құқық қорғау органдары тарапынан психологиялық әсерге душар болды. Маған қылмыстық жауапкершілікке тарту арқылы қамауға алуға сес көрсетілді. Біздің компанияның қызметкерлері жыл сайынғы соттық-экономикалық сараптама өндірісі үшін тергеушіге беруге әр жарты жыл сайынғы бухгалтерлік және өзге де құжаттарды дайындады. Тергеуші басшы бұйрығына  негізге алып, қылмыстық-процессуалдық заңнаманы қатаң бұзуға жол бере отырып, тексеруге алынған 2008-2011 жылдар аралығындағы кезеңіндегі бухгалтерия құжат айналымын ғана емес, 2017 жылды да алғысы келген. Нәтижесінде компанияның жұмысы тоқтатылып, материалдық шығынға ұшырадық», – деп баяндады Игорь Митрофанов.

Бизнесмен өзінің заңды құқығын қорғау үшін Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Өңірлік палата директорының орынбасары Қайрат Құдайберген мен Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөлімінің басшысы Салтанат Лесбаева бұл мәселені бірден қолға алған. Олар Игорь Митрофановты Алматы қаласы прокуроры Ғабит Миразовтың қабылдауына сүйемелдеп, ҚР Бас прокуратурасына шағым түсіруге жәрдемдесті, сондай-ақ Алматы қаласы ІІД Тергеу басқармасының жеке мүлікке қарсы қылмыстық тергеу жөніндегі бөлімнің тарапынан тергеуді тоқтату үшін шара қабылдауға ықпал етуге атсалысты.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына шынайы лебізім мен шексіз алғысымды білдіремін. Әріптестерім бар, барлығымыз кәсіпкерлерге көмек көрсетілетініне көз жеткіздік», – деп атап өтті Игорь Митрофанов.

Прокурорлар «Желтоқсан орманы» директорының қатысты қылмыстық тергеуді жалғастыруды негізсіз деген шешім шығарып, істі тоқтатты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер