«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Виртуалды қойманың маңызы қандай?

2018 жылғы 27 Шілде
- Алматы қаласы
7530 просмотров

Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі – виртуалды қойма автоматты режимде тауардың орын ауыстырып, жылжу бағытын бақылау үшін қолданады. Модульдегі тауарлардың қозғалысын бақылау салық төлеуші жариялаған (мәлімдеген) тауарларға оларды толтыру және оларды электронды шот-фактураға сәйкес есептен шығару түрінде автоматты түрде жүзеге асырылады. 

 Виртуалды қойманың негізгі міндеті – импорт/өндірістен бастап оның көтерме сауда немесе экспортқа дейін жылжу бағытын бақылау, салық төлеушінің қоймасында нақты қалған тауар қалдығын анықтау, осылайша тауарсыз мәмілелерді жасаудағы тәуекелдер азаяды.

 Жоба кезеңді енгізуді қарастырады. 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап «Виртуалды қойма» модулі арқылы электронды шот-фактуралар бойынша міндеттемелер тізімдегі мынадай тауар категориясына: бағалы тастар мен металдар (сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының 7 коды), сонымен қатар авткөліктік құралдарға жүреді (сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының 258 коды). Виртуалды қойма модулі тауардың виртуалды қоймаға келу, кету үдерісін, сондай-ақ, оның ішінде тауарларды декларациялау немесе импорт туралы декларация негізінде автоматтандырады. Нәтижесінде виртуалды қоймадан таңдалған тауар бойынша электронды шот-фактураны рәсімдеу кезінде тауарларды кіргізу туралы өтінім, деректер автоматты түрде жүктелетін болады.

 Салық төлеушілер қоймадағы қалған тауарды онлайн жүргізуге, тауар туралы барлық қажетті ақпаратты (тауардық шығу тегі) сақтауға мүмкіндіктері бар. Электронды шот-фактура ақпараттық жүйесі салық төлеушілерге Тауарларды алып қою тізбесіндегі тауарлар айналымын автоматты бақылауға және ДСҰ баж салығы бойынша елге кірген тауарларды ЕАЭО мемлекеттеріне экспортталуына жол бермеуге көмектеседі. Виртуалды қоймада  тауарлардың айналымы; импорт немесе өндіріс саласынан тауарларды тұтыну немесе экспорттау саласына ауыстыру болып табылады.

   Тауар айналымы тіршілік кезеңінің бизнес үдерісіне мыналар жатады:

  • Ішкі және сыртқы сауда үдерісі – импорт, экспорт.
  • Өндіріс.
  • Тауарларды шығысқа шығару.
  • Бөлшек сауда үдерісі.
  • Салық төлеушілері қоймалары бойынша тауардың аусуы.
  • Қоймалардағы тауар қалдығын есептеу.

 

Виртуалды қойманы тестілеу тақтасында модульдің ақымдағы жүзеге асырылуы үдерісімен танысуға болады. Жүйеге кіру Ұлттық куәландырушы орталығының Элеткрондық цифрлы қол қою тетігі негізінде жүзеге асады. Жүйге кірерде «Сертификатты таңдау» түймесін басу арқылы сертификатты көрсетіп, сертификатты іске қосу керек. Виртуалды қоймамен жұмыс істеу үшін сәйкес «Қойма» атты қосымшаға өту керек.

 Виртуалды қоймада өзіңіздің  барлық қоймаларыңызды, оның ішінде сауда нүктелерді Электронды шот-фактура ақпараттық жүйесінің интерфейсі негізінде тіркеуге мүмкіндік бар. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті порталындағы Виртуалды қойма модулі қосымшасында: Қызмет/Салықтық әкімшіліктендіру/Электронды шот-факутуралар  атты тетіктерді таңдау керек, виртуалды қойма модулімен веб-қосымшаның «Электронды шот-фактура» API-интерфейсін қондыру үшін  әзірлеушінің топтамасы бар. Сол жерден жүйемен қалай жұмыс істеу керек екені жайында егжей-тегжейлі ақпарат жазылған.

 

Ақпарат Алматы қаласы
Әуезов ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер
басқармасымен дайындалды

Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер