«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес айналымдық қаражат жетіспеушілігін сезінуде

2015 жылғы 03 Сәуір
- Алматы қаласы
11105 просмотров

ҰКП-ға еліміздің түкпір-түкпіріндегі кәсіпкерлерден шағымдар келіп түсіп жатады. Олар жеке инвестициялық бағдарламалары бойынша банктің кредиттеуін тоқтатып қойғанына назалануда. Мемлекеттіктер ғана бұған кірмейді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева мәлімдеді.

Отырысқа екінші деңгейлі банктер, сондай-ақ реттеуші – ҚР Ұлттық банкі өкілдері шақырылды.

Юлия Якупбаеваның ойынша, қаржы секторындағы мұндай ахуал бінеше себептен орын алып отыр. Ақырында бизнесмендер ісіне кері әсерін тигізетін басты түйткілдер әлі де шешімін тапқан жоқ.

«Экономиканың жоғары деңгейде долларлануы. Біз мұны көріп отырмыз. Сонымен бірге валюталық тәуекелдеді хеджерлеудің тиімді механизмдері жасалмаған. Екіншіден, инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдаусыз жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін қаржы секторының өзінің қорлаудағы жоғары мөлшерлемелері мен шектелген көздер. Бүгінде айналымда теңге жетіспеушілігі түйткілі де орын алуда. Және де бүгінгі таңда банк секторының өзінде бар жаңа депозиттер бойынша мөлшерлемелер жылдық 18 %-ға таяп қалды»,- деп мәлімдеді Юлия Якупбаева.

Оның үстіне, қор нарығын оған қатысушылардың шектен тыс реттеуі және инвесторлардың монополиялауы оның басылуына алып келеді. Ал микробизнес өкілдері қаржыландырудан әлі де қағылып жүр. Оларда қажетті банк кепілдігі жоқ.

«Осындай ахуалда экономика салаларын қорландыру құрылымына мемлекет көмегі ғана теңгерім енгізетінін атай аламыз», - дейді Юлия Якупбаева.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «Нұрлы Жол» дағдарысқа қарсы бағдарламасының аясында былтырғы жылы өңдеу өнеркәсібін қолдауға бөлінген 200 млрд теңгеге 2015 жылы тағы да 100 млрд теңге қосылғанын атап өту керек. Жартысы ШОБ саласындағы кредиттеуді жалғастыруға, екінші бөлігі – 50 млрд теңге ірі бизнестің өңдеу жобаларын қаржыландыруға жұмсалады. "Даму" КДҚ деректеріне сүйенсек, 20 жыл ішіндегі үшінші транш ШОБ жобаларын 176,8 млрд. теңге сомасына қаржыландыруға мүмкіндік береді. Ал қаржыландырылған компаниялар саны 800-ден асады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер