«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

“Алтын сапа” – жаңа мүмкіндіктер

2015 жылғы 25 Маусым
- Алматы қаласы
11570 просмотров

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасында өткен семинарда кәсіпкерлерге «Алтын сапа» сыйлығына және «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысу жолдары түсіндірілді.

“Атамекен” ҚР ҰКП Әлеуметтік-еңбек қатынастары департаментінің директоры Салтанат Әбдікәрімова биылғы жылы “Алтын сапа” сыйлығының мерейтойы екенін, себебі оныншы рет өткізіліп тұрғанын айтты. Байқауға қатысушыларды Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бағалап, іріктейтін болса, ҚР Президенті жанынан құрылған комиссия жеңімпаздарды айқындайды.

Оның айтуынша, қатысушыларды іріктеу кезінде үміткерлер есептеріне ерекше назар аударылады. Сонымен қатар компаниясының презентациясы кезінде қысылмай, барлық жетістіктері мен ерекше белгілерін көрсетуге нұсқау берілді. «Өз есептеріңізде сұрақтарымызға жауап беріп, нарықтағы кәсіпорындар арасынан кімнің іс жүзінде үздік екенін бағалап, түсінуіміз үшін, дәлелдер базасын қоса тіркеуге тиіссіздер. Былтырғы жыл тәжірибесінен байқағанымыздай, кәсіпорын сарапшылар өздері көтереді деп, өз бағаларын төмендетіп көрсететін жағдайлар жиі болады. Қысылудың, қорқудың қажеті жоқ, үздік екендіктеріңізді өздеріңіз айтуға тиіссіздер. Өздеріңізге шынайы баға беріңіздер».

«Алтын сапа» сыйлығы үш номинациядан тұрады  «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын», «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын». Сонымен қатар, сыйлық үш санаттан тұрады: шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында. Бір номинация бойынша алғаннан кейін сыйлық алуға төрт жыл бойы қайталап ізденіс жолдауға жол берілмейді.

Жыл сайын сыйлықтың екі қосымша номинациясы бекітілуі мүмкін. Былтырғы жылы бұл «Өндірістегі үздік инновациялар» және «Үздік индустриялық жоба» болған еді. Бұл сыйлықтарды еліміздің Президенті өзі тапсырады. Биыл ҰКП бұл номинацияларды қоспауды ұсынды.

Кейбір кәсіпкерлер «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына не үшін қатысу керектігін, жеңімпаздар үшін қандай да артықшылықтар болатын-болмайтынын сұрады. ҰКП өкілі байқау қатысушылары үшін ешқандай жеңілідктер қаралмағанын, бірақ компанияның қызметіне тәуелсіз баға алатынын және арнайы даярлықтан өткен жоғары білікті сарапшылар тарапынан сапа аумағындағы ұсыныстар алатынын айтты. «Бұл ұйымның сауатты стратегия құруына және болашақта табыстарға жетуіне көмектеседі. Сонымен қатар, байқауға қатысу компания ұжымдарының сапа мәселелеріне назар аударуына, оларды шешуге күш салуларына мүмкіндік береді. Сондай-ақ қатысушы компания байқау кезеңінде, ал жеңімпаздар 4 жыл бойы БАҚ назарында болады, бұл жағымды бет-бейнені нығайтып, жаңа серіктестер, өнімді тұтынушыларды тартуға, мүмкіндіктерді ұлғайтуға көмектеседі. Осының барлығы ұйым беделінде жағымды көрініс қалдырады», - деп атады Салтанат Әбдікәрімова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер