«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Екеуіне бір тауар белгісі

2015 жылғы 01 Шілде
- Алматы қаласы
11075 просмотров

«Arsenal Service» ЖШС өзінің фирмалық атауын қорғап қалды

Бұл оқиға танымал орыс ертегісін еске түсіреді. Ертегіде баспананы басып алған болса, мұнда тауар белгісі қолды болып отыр. «Arsenal service» ЖШС қоғамдық тамақтану саласында 2002 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бұны заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік пен анықтама растайды. Кәсіпкер «ARSENAL» тауар белгісі мен логотипін мейрамханалар атауында және азық-түлікті жеткізіп беру бойынша қызметтерде қолданады.

«Тілегенова Р.М.» Жеке кәсіпкерлігінен қызмет көрсету тауар белгісін қолдануға тыйым салынатыны туралы талап-арыз алғанда кәсіпкер ерекше таңқалды. «Arsenal service» ЖШС құрылтайшысының айтуынша, ол талапкерді кезінде, екеуі туыс, тіпті құда болып келетіндіктен, Алматыдағы бизнесті бақылау үшін шақырған екен. Және де талапкер өз мейрамханасын ашып, онда дәл сол бас аспаз жұмыс жасап, дәл осындай, бірдей транскрипциямен жазылған логотип пен атау қолданылғанда, «Arsenal service» ЖШС тарапынан еш қарсылық пен наразылық болмайды.

Сот отырысы кезінде 2009 жылы «Тілегенова Р.М.» ЖК аттас тауар белгісін тіркегені белгілі болады. «Arsenal service» ЖШС құрылтайшысы достарының іскерлік әдеп және адамгершілік заңдарын бұзатынын күтпеген еді. Оның үстіне үш жылдан астам уақыт аталмыш тауар белгісін қолданғаны үшін еш наразылық білдірмеген, ал бұл талапкердің қуыну мерзімі негізінде оның талаптарынан бас тартуға себеп те бола алады.

Таңқалған кәсіпкер Алматы ӨКП-ға жүгінеді. Палата сарапшылары кәсіпкердің қарсы қуыным талабын даярлауына және Тілегенова Р.М. ЖК тіркелген тауар белгісінің «Arsenal service» ЖШС фирмалық атауына ұқсас болғандықтан, заңсыз қолданылып жүргенін дәлелдеуіне көмектесті. «ARSENAL» белгісінің өзі де тауар белгісіне куәлік бермей тұрып, қолданыла бастаған еді. Бұл да тұтынушыны шатастыруы мүмкін.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер