«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әуре-сарсаңға жол жоқ

2015 жылғы 02 Шілде
- Алматы қаласы
10036 просмотров

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары қала әкімдігіне кәсіпкер құқығын сақтауға және шенеуніктер бірнеше ай бойы созып жүрген қаулыны шығаруға көмектесті

«Citybus» ЖШС өкілдері «Атамекен» ҚР ҰКП-ға Алматы әкімдігінің әрекетсіздігіне шағым айтып келді. Әкімдік белгісіз себептермен жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қаулыны шығаруды созып жүріп алған.

«Серіктестік жер телімін спорт кешеніне қолдану және өтетін орын ұйымдастыру үшін қолданбақшы болып, бұл туралы өтінішті әкімдікке 2014 жылғы 28 қарашада берген екен. Қалалық Жер комиссиясы рұқсатты 4 желтоқсанда – жылдам береді. Келесі күні, 5 желтоқсанда Жер қатынастары басқармасы ЖШС атына «жерге орналастыру жобасын 6 айлық мерзімде дайындау және ұсыну туралы» хабарлама жібереді», - дейді Палата сарапшысы Бақытжан Жұманазаров.

Жоба екі айдан кейін дайын болады және жерді пайдалану жөніндегі уәкілетті органдарға мақұлдауға жіберіледі. 2015 жылғы 26 наурызда «ЖерҒӨО» АФ РМК мен Алматы Жер қатынастары басқармасы оған қол қояды. Осымен іс тынғандай болады – тек қалалық әкімдіктен жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы құжат алу керек. Алайда онда құжат шығару, себебін айтпастан, бірнеше айға созылады. Осы уақыт бойы компания толыққанды жұмыс жасай алмайды. Тек Палата сарапшылары араласқаннан кейін іс алға жылжып, көптен күткен құжат қолға түседі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер