«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік органдарға ыңғайлы, бірақ бизнесті қорғамайтын заң бабы

2015 жылғы 29 Шілде
- Қарағанды облысы
12604 просмотров

Қарағандылық кәсіпкерге басқа өндірушінің өнімімен сырттай ұқсас тауарды сатқаны үшін айыппұл салынды

Қарағанды облысының Абай қаласында кәсіпкер Қытайда жасалған тот басқан бөлшектерді бұрап ашуға арналған жақпа майды сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тауар баллонының дизайны америкалық компания өндірген өнімге ұқсас болып шықты.

«WD-40 Manufacturing Company» компаниясы өкілінің өтінішімен кәсіпкер Павел Домбовскийдің дүкеніне жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. «БМФ Груп» ЖШС заңгер өкілі Жанат Нұрмағамбетов Абай қаласында өзінің тауар белгісі қолданылып жүргенін анықтайды. Осылайша, ол «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шыққан жерінің атауы туралы» Заңын бұзған қатардағы дүкен сатушысының айыбын аштым деп есептейді. Жоспарлы тексеріске дейін бірнеше күн қалғанда Павел Домбовскийдің дүкеніне қытайлық тотыққа қарсы өнімге қызығушылық танытқан клиент келіп-кеткен болатын. Сосын ол сатушыға тауарды сатқаны үшін 79 280 теңге көлеміндегі айыппұл салу үшін қайтып келеді. Сот өтіп, кәсіпкердің жеңіліс тапқанын атап өту керек. Айыппұл түріндегі әкімшілік жаза кесу жайлы шешім шығарылды. Павел Домбовский апеляциялық шағым берді және өз құқығын әлі де алға тартатын болады.

Кәсіпкердің кінәсі неде?

Қытайлық тотыққа қарсы құралды сатуға, қолдануға Қазақстан аумағында тыйым салынбағанын айта кету керек. Аталмыш өнімді кәсіпкер Павел Домбовский өзінің автобөлшектер дүкенінде сату үшін, Қарағанды базарынан сатып алады. Бір қызығы, абайлық кәсіпкер құралдың бір ғана құтысын сатып алған екен. Тексеріс кезінде Павел Домбовскийден тот басқан бөлшектерді бұрап алуға арналған  «WD-40 Manufacturing Company» компаниясының логотипіне ұқсас делінген «WQ-48» логотипті құтыны алып алады. Алайда тексерушілер аталмыш өнімнің сәйкестігі бірнеше дерек бойынша дәлелденбейтіндігін ескермепті. Біріншіден, кәсіпкерден алынған құтыда өндіруші ел көрсетілмеген, ал «WD-40 Manufacturing Company» өнімінде АҚШ-та өндірілгені жазылған. Екіншіден, құтыда бейнеленген логотип америкалық баллондағы бейнеге сәйкес келмейді. Үшіншіден, кәсіпкер сатып алған құтыда компанияның аты жоқ, сондай-ақ құтының жоғары жағында америкалық компания өнімінде берілмеген жазба бар.

Әділет қызметкерлерінің жоспарлы тексеріс кезінде бұзушылыққа жол бергенін атап өту керек: кәсіпкерге жоспардан тыс тексерісті тиісті уақытта, яғни  тексеріс басталғанға дейін кем дегенде бір тәулік қалғанда өткізудің басталуы туралы ақпарат берілмеген. Сонымен қатар тексеріс басталуы деп тексерілетін субъектіге тексеріс тағайындалғаны туралы актіні беру күні есептелетіні ескерілмеген. Әділет қызметкерлері тексеріс жүргізу мерзімін неліктен ұзартқан жоқ? Сонымен қатар тексеріс мәні басқа бола тұрса да, неліктен жылжымайтын мүлікке меншік құқығы жайлы құжаттар көшірмесі сұралып, сатып алу-сату шартының көшірмелері алынғаны қызықтырып отыр. Осы сұрақтар жауапсыз қалды. Бір айта кететіні, Әділет департаменті кәсіпкерлер арасында тауар белгілері саласындағы заңнаманы түсіндіру жөніндегі жұмыстар жүргізбеген. Осының салдарынан облыс аумағында рәсімделуі жөнінен басқаларына ұқсас түрлі тауарлар кедергісіз сатылуда.

Егер кәсіпкердің барлық әрекеттері республика заңнамасын бұзып отырған болса, онда ол Қарағанды облысының базарларында еркін сатылып жатқан қандай да бір тауарға деген тыйымдар туралы қалай хабардар болуға тиіс? Және де, ел аумағына өкілдері Қазақстанда жұмыс жасайтын жекелеген компаниялардың авторлық құқықтарын бұзатын тауарларды өткізудің қажеті қанша? 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер