«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сән шыңына шығар жол ашық

2015 жылғы 12 Тамыз
- Алматы қаласы
10587 просмотров

Алматы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған алғашқы жоба іске қосылды

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен, KAZAKHSTAN FASHION INSTITUTE (KFI) бизнестің әлеуметтің жауапкершілігі аясында әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған алғашқы жобаны іске қосты. Институт 18 жастан асқан қыздар үшін сән саласында “BE FIRST!” 20 білім беру грантын бөлді. Бастамашы болған КFI негізін қалаушы, Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі - Жанель Бертаева.

«Бұл сән саласындағы алғашқы тегін білім беру жобасы. Оған халықаралық және қазақстандық стилистер, фотографтар, дизайнерлер, сән басылымдарының бас редакторлары қатысады. Бұл сән саласында жұмыс жасағысы келетін, бірақ арнайы білім жоқ жандарға арналған жоба», - деді Жанель Бертаева баспасөз-конференциясында.

Оқыту үш апта бойы үш бағытта өтеді: сән саласында жұмыс жасағылары келетін, бірақ арнайы білімі жоқтар үшін fashion styling; ритейл ретінде сән саласында жеке ісін ашуды, жеке киім брендін, франчайзинг бойынша сәнді киім дүкенін ашуды, ойын-сауыққа арналған журнал және digital журналды шығаруды, сондай-ақ онлайн дүкен ашуды, мультитаскер болуға үйренуді және өз уақытын меңгеруді армандайтын қыздар үшін fashion business; fashion design – сән саласында мансап жолын бастау үшін қажет дағдылар құрудағы негізгі интенсивті курс.

Курс идеядан бастап сән аптасында көрсетуге дейінгі жобалау процесінің барлық элементтерімен айналысуды қалайтындарға арналған, және де табысты бренд құру негіздеріне бағытталған.

Жобаның әрбір қатысушысы "BE FIRST!" логотипі бар KFI сертификатын алады және Mercedes Benz Fashion Week Almaty сән аптасында ерікті ретінде машықтанудан өтеді.

Жанель Бертаеваның айтуынша, екі күн ішінде оқуға 35 қыз өтінім тапсырған. Алда аса күрделі іріктеу жұмысы тұр.

KAZAKHSTAN FASHION INSTITUTE қазақстандық нарыққа келгеніне екі жыл ғана болды. Оқыту жүйесі Central Saint Martins College of Art and Design аналогы бойынша құрылған, онда негізгі оқытумен бірге жаздық екі апталық курстар көзделген.

Сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің бастығы Ақеркін Ералиева Іскер әйелдер кеңесінің Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен құрылғанын еске салды. Оның құрамына мегаполистегі 27 ең табысты әрі белсенді әйел кірді. Кеңестің төрайымы Үміт Шаяхметова болып табылады.

«Жанель Бертаева әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі жобаның алғашқы бастамашысы болып отыр. FASHION INSTITUTE қолдауымен әйелдеріміздің өз брендін дамытуға, жеке бутик немесе онлайн дүкен ашуға, өз білімін дамыту және өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігін алуға бірегей мүмкіндік алатынына, жалпы қаламыздағы әйелдер бизнесінің дамуына әкелеріне сенімдімін», - деп түйіндеді Ақеркін Ералиева.

Білім грантын алуға өтінімдер 2015 жылғы 31 тамызға дейін kfibefirst@gmail.com поштасына қабылданады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер