«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қорғану құқығы

2015 жылғы 14 Тамыз
- Алматы қаласы
10095 просмотров

Оңтүстік астанада жыл басынан бері 660 кәсіпкер өз құқығын қорғауды сұрап келген

Шағымдардың басым көпшілігі салық салу, жер және сәулет-қала құрылысы заңнамасы, байқаулар мен мемлекеттік сатып алуларды өткізу, сот шешімдерін орындау мәселелеріне қатысты. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Юрий Тілеумұратов бұл туралы құқықтық блок жұмысы қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз конференциясында журналистерге мәлім етті.

«Алматы Кәсіпкерлер палатасының алғашқы екі негізгі міндеті – бизнестің жұмыс жасауына және дамуына бөгет жасайтын әкімшілік кедергілерді жою және құқықты қорғау», - деп атады Юрий Тілеумұратов.

Құқықтық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары Қайрат Құдайберген өңірлік Палатаның құқықтық блогы жұмысының нәтижесі бойынша кәсіпкерлердің 235 миллионнан астам сомадағы қаржылай ысырабын болдырмауға қол жеткізілгенін ортаға салды. Сонымен қатар 116 млн теңге сомасына артық салынған салық міндеттемесінің және 24 млн теңге сомасындағы негізсіз берілген ауыртпалықтың күші жойылған.

«Бізге «Sulpak», «Казвторчермет», «Келет» және басқалары сияқты ірі компаниялар да жиі жүгіне бастады», -деп баса көрсетті Қайрат Құдайберген.

Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау бөлімінің бастығы Салтанат  Лесбаеваның айтуынша, жарты жыл ішінде Палатаға 272 өтініш келіп, оның жартысы оң шешімін тапқан.

«16 кәсіпкердің шоттары бойынша шығыс операциялары қалпына келтірілді. Үш кәсіпкердің лицензия алуына, жетеуінің рұқсат құжаттарын алуына көмектестік. Алматы қаласы Палатасының сарапшылары 19 сот процесіне қатысып, 14 кәсіпкердің мүддесін қорғап шықты. Біз жасаған өтініштер нәтижесі бойынша прокуратура органдары 7 ұсыныс енгізді, 4 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп Салтанат Лесбаева БАҚ-қа ақпарат берді.

Алматы Палатасының құқықтық блогы жыл басынан бері Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің 6 отырысын өткізіп, онда 17 мәселе қаралды. Отырыстар нәтижелері бойынша Кеңес 24 кәсіпкерге көмегін көрсетті.

Мәселен, Палатаға мемлекеттік мекемелердегі жайларды жалдаушы кәсіпкерлер тобы жаңа «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға беру ережесі» енгізілуіне байланысты жалдау ақысының бірнеше мәрте артуына қатысты жүгінді. Алдын-ала есептеулер бойынша мемлекеттік мүліктің жалдау ақысы тоғыз еседен артық көбейген. Кеңес қабылдаған қарар бойынша материалдар «Атамекен» ҚР ҰКП-ға жолданып, онда қолданылатын коэффициенттердің базалық мөлшерлемелері мен мөлшерін төмендетуге қатысты Ережеге түзетулер бастамаланды. Ұлттық экономика министрінің жаңа бұйрығымен мемлекеттік мүлікті (сонымен бірге мектеп асханаларын) қолданғаны үшін жалдау ақысының мөлшерін есептеу кезінде қолданылатын коэффициенттер қайта қаралды. Ақырында барлық мемлекеттік мүлікті жалдаушылар үшін мөлшерлемелер көлемі аумақтық орналасуы коэффициентін өзгерту есебінен төмендетілді, ал орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі асханаларды жалдаушылар үшін жалдау есебінен түскі ас ішетін залдардың ауданы алынып тасталды.

Алматы Палатасы қазірде ҰКП-мен бірге қолданылатын коэффициенттердің базалық мөлшерлемелері мен мөлшерлерін төмендету жөніндегі жұмысты жалғастыруда, сонымен қатар 2015 жылғы 17 наурыз бен 26 маусым аралығындағы кезеңде негізсіз көтеріліп кеткен мөлшерлемелер бойынша жалдау ақысының күшін жою туралы мәселені шешіп жатыр. 

Палата қызметкерлері жыл басынан бері 33 әкімшілік кедергіні анықтады. Оның ішінде: 6 өңірлік деңгейде және 27 - республикалық. Оның ішінде 7 мәселе бойынша оң шешім шығарылды.

Кәсіпкерлер көбінесе Мемлекеттік табыс басқармасының банк шоттары бойынша шығыс операцияларын заңсыз тоқтататындығына шағымданады.

«Адем» СО зардап шеккен кәсіпкерлерімен үлкен көлемді жұмыс жасалды. Бірінші күннен бастап жедел штаб құрылды. 668 жазбаша өтініш жиналып, мемлекеттік органдармен және Сауда Орталығы әкімшілігімен жұмыстар жүргізді. Осы жұмыстың нәтижесінде 300 өтініш бойынша залал сомасы 240 миллионнан астам теңгені құраған. Салық салу мәселелері бойынша келіп түскен өтініштердің ішінен 30 өтініш қаралды. Кәсіпкерлердің барлық он бес банкпен арадағы кредит қарыздары мәселелері шешілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер