«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салықшылар қыспағы

2015 жылғы 19 Тамыз
- Алматы қаласы
10445 просмотров

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасында салық органдарының бизнес өкілдерімен әрекеттестігі түйткілдері талқыланды.

Бизнесмендердің сауалдары жиналып қалыпты, сұхбат қызу өтті. Басты тақырып елімізге заңсыз жолмен келіп жатқан қытай тауарлары мен оны заңдастыру болды. Пікірталасты Кедендік делдардар қауымдастығының төрағасы Геннадий Шестаков ашты.

“Салық тексерістері әлі күнге дейін жүріп жатыр. Оны 300 адам жүргізуде. Салық мониторингінің барысында тауар ағындары заңдастырылатынына сеніп едік. Қытай тауарларын әкелетін компанияар қазір жетіп жатыр. Кімді тағы тексеру керектігін, кімді тексерудің керегі жоқ екенін, тәуекелдерді басқару жүйесі рейтингі парағын құру үшін, оларды бірнеше рет тексерген жетіп жатыр. Өкінішке орай, олай болмады, - деді Геннадий Шестаков. – Қытай тауарларын алатын барлық өндірушілерді жайына қалдырып, мониторингке түсірмейтіндігі туралы салықшылармен келісуге қол жеткізгенімізге бір жарым ай болды. Салық қызметінің бізді мониторингке қосып, тексеріс жүргізуін талап ететініміз жайлы өтініш жазуға ерікті әрі ықтиярсыз түрде мәжбүрледі”, - деп жеткізді кәсіпкер.

Ол сонымен бірге бұл тексерістердің мерзімі шектелмегенін – айлап созылуы мүмкін екенін атап өтті. Бұл бизнес өкілдерін титықтатады әрі дұрыс жұмыс жасатпайды.

“Жүргізілетін тексерістердің ешқандай сыни жағдай анықтамағанына қоса, тауарлардың бір бөлігі контрабанда болып шыққан бірнеше жекелеген жағдай да болды. Заңды бизнесте тексеретін ештеңе қалмады, барлық қоймалар тексерілді. Бұлар енді сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар емес, тауарларды сақтаумен айналысатын тұлғалар. Яғни күллі заңды логистика салық қызметінің қысымына ұшырап отыр. Формалды емес бизнес қалай болды – солай қала береді. Қазіргі күнге дейін Қытайдан «Дуся тәтеден» тауар салынған қаптар келе береді. Олардың шекарадан заңды түрде өткені туралы ешқандай құжаты жоқ», - деді Геннадий Шестаков.

Оның айтуынша, осының бәрі ақырында Қазақстанға келетін тауарлар көлемінің күрт төмендеуіне әкелді. Олар Қырғызстанға жинақтала бастады. Қырғыз республикасының Еуразиялық одаққа кіруімен бұл тауарлар Қазақстанға кедергісіз түседі. “Тауардың аталмыш үш айлық қоры елге ешбір заңдастырусыз оп-оңай кіріп кетеді. Жүк құрамы да, кімнен келгені де, кімге арналғаны да, ештеңесі де жоқ. Заңды бизнесті қысудан басқа ештеңе де алмадық”, - дейді Кедендік делдалдар қауымдастығының басшысы.

Ол осыған орай Мемлекеттік табыс департаментінің өкілдеріне заңды бизнесті мағынасыз тексеруді тоқтатуды өтініп жүгінді, ал заңсыз тауарды Ресей мен басқа да еуропалық елдер үлгісімен жоюды ұсынды.

“Егер бұлай болса, адамдар өздері заңдастыра бастайды. Тек бірнеше жария акция жасасақ болды”, - деп есептейді ол. – Қазір еліміздің жағдайы мәз емес, экономикалық құлдырау жүріп жатыр. Мұндай тексерістермен заңды түрде жұмыс жасап жатқан бизнесті қиратып бітіреміз”.

Түрлі компанияларды танытатын басқа да пікірталас қатысушылары оған қолдау көрсетті. Алайда Алматы қаласы Мемлекеттік табыс департаменті басшысының орынбасары Жайдар Инкербаев өз аргументтерін алға тартып, тексеріс нәтижелерін жариялады.

“20 жыл бойы нарықтар мен базарларға тиіскен жоқпыз, онда не болып жатқанын білмедік. Негізінде барлық тауарлар Қытайдан жеткізіледі – олардың көпшілігі контрабанда жолымен келеді. Талдау онда ешкімнің ештеңе төлемейтінін көрсетті. Қазір «Қорғастан» бастап, өткізушілерге түскенге дейін бақылау жүйесін құрдық. Процестің барлық қатысушылары хронометражбен қамтылды. Әрине, бұл процесс ауыртпалықпен өтеді, себебі біз паразитпен күресіп жатырмыз. Осы шаралардың бәріне контрабандистер өздерінің контр-шараларын табады. Айтылып өткендей, олар қазір Қырғызстан арқылы кетті, бірақ біз ол арнаны да жабамыз”, - деп түсіндірді ол, сонымен қоса уақыт өте келе салықшылардың бәрін тәртіпке келтіретініне уәде етті.

Үш ай бойында шамамен 4,5 мың кәсіпкер есепке қойылып, заңды айналымға тартылды. Жайдар Инкербаевтың сөзінше, бақылау процесі жыл соңына дейін, тіпті қажет болып жатса, келесі жылы да жалғасады. “Егер ашық жұмыс жасап жатсаңыз, қорқатын несі бар? Тек Қытаймен жұмыс жасайтындар оларды бақылауда ұстағанға үйренбеген, ал қалада жұмыс жасайтындар хронометражға байыппен қарайды. Егер бизнес ашық болса, ол хронометраждан қорықпайды”, - деп есептейді МТД өкілі.

Ол кәсіпкерлердегі тексерістің келесі кезегінде Түркия мен Араб әмірліктерінен келетін тауарларды жеткізушілер тұрғаны жайлы ақпаратты растады. Салық органдарындағы деректер бойынша, ол елдерден де контрабандалық тауарлар келіп жатыр. Дей тұрғанмен, кәсіпкерлер де берілмеді, тексерістердің тоқтатылуын талап етті.

“Неліктен адал ниетті жеткізушілерді қыса бересіздер? Компанияларға қосымша жүктеме түсуде. Осы тексерістердің барлығы бюджетке және тексерушілер қалтасына үстеме есептеулермен аяқталады. Егер, сіздердің айтуларыңызша, контрабандистер базарларда отырса, онда салықшылар неге заңды компанияларды тексереді?» - деп ашу шақырды ҚР Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті Михаил Глухов.

Оған МТД басшысының орынбасары жаңа тенденция – көптеген тұрақты импортшылардың өнімді әкелуді тоқтатқанын және оны жаңадан ашылған компаниялар арқылы импорттай бастағанын атады. “Бізде басқа жол болмады, барлығына бірдей хронометраж ашуға тура келді. Содан кейін ғана басын аша бастадық. Сыбайлас жемқорлыққа келер болсақ – бізге ақпарат беріңіздер, біз шара қолданатын боламыз. Өткен жолы Кәсіпкерлер палатасынан ақпарат келіп түсті де, оны қауіпсіздік қызметіне бердік, олар жедел іс-шаралар өткізуде”, - деп түсіндірді Жайдар Инкербаев.

Пікірталас соңында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қайрат Құдайберген нақты оқиғалар бойынша ақпарат беруді ұсынды.

“Бізге жыл басынан бері кәсіпкерлер құқығын бұзу деректері бойынша 700 өтініш келіп түсті. Хаттарымызды алған соң МТД өз қызметкерлеріне тәртіптік жазалар шығарды. Палатаға жүгініңіздер, біз әрбір дерек бойынша мән-жайды анықтаймыз. Егер қандай да бір ұсыныстар болып жатса, беріңіздер, қарастырамыз”, - деп түйіндеді Қайрат Құдайберген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер