«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әлеуметтік нысандар асханасыз қала ма?

2015 жылғы 21 Тамыз
- Алматы қаласы
10340 просмотров

Ауруханалар мен мектептерде асханалар жұмысы тоқтатылып жатыр. Жалгер кәсіпкерлер жалдау ақысының көтерілгеніне шыдамауда

Әлеуметтік нысандарда орналасқан асханалар жабылу шегіне жетіп, кейбіреулері ҚР ұлттық экономика министрінің 17 наурыздағы №212 бұйрығымен бекітілген жаңа Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын енгізгеннен кейін жұмыстарын тоқтатты. Бұл туралы ауруханалар мен әскери мекемелер жалгерлері Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Коммуналдық меншік нысандарының жалгерлері жалдау ақысын бірнеше есе көтеру түйткіліне тап болып, Кәсіпкерлер палатасынан қолдау сұрап жүгінеді.

“Біз өзіміз үшін ғана жұмыс жасамаймыз. Бізде қызметкерлер де бар – бәрі де отбасылы, балалы-шағалы, бәрінің де кредиті бар. Қазір тереңдеп келе жатқан дағдарыс жағдайында мәселе шиеленісіп тұр. Ауруханалар, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандар қызметкерлері үшін тамақ бағасын көтере алмаймыз, себебі олардың еңбекақысы төмен. Осыдан алаңдаулымыз. Кәсіпкерлер палатасының жалдау коэффициенті мен базалық мөлшерлеменің қайта қаралуына жәрдемдесуін сұраймыз”, - деді 4 клиникалық аурухана қызметкерлерінің тамақтануын қамтамасыз етуші кәсіпкер Шолпан Аманжолова.

Әскери бөлімде әскерилерді тамақтандырған Елена Попова асханасын жауып тастады. “Күн сайын әскери кезекшілікте болатын әскерилерді тамақсыз қалдырдым, мұның не екенін түсінесіздер ме? Бірақ мұндай жалдау ақысымен бұдан былай тамақтандыра алмаймын”, - деді ол.

Жалдау ақысын көтеруге есептік құнның базалық мөлшерлемесін өзгерту, аумақтық орналасу коэффициенті, қызмет түрін ескеретін коэффициент негіз болғаны белгілі.

Алайда ведомствоның мұндай құжатты «Атамекен» Ұлттық палатасының келісуінсіз қабылдауға құқығы жоқ еді. Осыған байланысты ҰКП 2015 жылғы 10 маусымда Қағидаларға қолданылатын коэффициенттер мөлшерлері мен базалық мөлшерлемелерді төмендету жағынан түзетулер енгізуді бастамалайды. Ақырында мөлшерлемелер аумақтық орналасу коэффициентін өзгерту есебінен және мектептер мен колледждер асханалары жалгерлері үшін төмендетілді, бірақ болмашы ғана, ал жоғары оқу орындарындағылар үшін бұрынғыша қалды.

“Қазірде Алматы өңірлік Палатасы ҰКП-мен бірге қолданылатын коэффициенттер мөлшерлері мен базалық мөлшерлемелерді төмендету жұмысын жалғастыруда. Сонымен, ҰКП мемлекеттік мекемелердегі барлық асхана жалгерлері үшін ас ішу залының ауданын алып тастауды ұсынады”, - деді Алматы қаласы Палатасы құқықтық қорғау бөлімінің бастығы Салтанат Лесбаева. – «Бірақ бұл да кәсіпкерлер жағдайын құтқармайды. Мәселен, егер Аманжолова жеке кәсіпкерлігінің ас ішу залдарын жалдау ақысынан алып тастайтын болсақ, ол 1 млн 84 мың төлейтін болады – жалдау ақысы 8 есе артады. Сондықтан да базалық мөлшерлемелерді төмендету мәселесін шешу қажет”.

Өткен жылдың мамыр айына дейін жалдау ақысының есебіне өндірістік цехтар, асүй, қоймалар мен қосалқы бөлмелер ғана кіргенін атап өту керек. Ас ішетін зал жалданатын ауданға кірген жоқ, себебі жалгерлерге сауда залын коммерциялық мақсатта қолдануға тыйым салынған еді.

Палата жүргізген талдау көрсеткендей, жаңа қағидаларды қабылдаумен №4 қалалық ауруханадағы жалдау ақысының құны 129 мыңнан 3,4 млн (!) теңгеге дейін 28 есе көтерілген, ал №12 ОҚКА асханасы үшін 22 есе. Қаладағы әлеуметтік нысандарда орналасқан басқа да асханаларда осындай жағдай орын алып отыр.

“Жалданатын нысандардың режимдік болып табылатынына назар аударамыз. Асханаға келушілер денсаулық сақтау қызметкерлері болып табылады, және де олар «бюжеттегілер». Мұнда кіші медицина қызметкерінің орташа еңбекақысы 30 000 теңгені құрайды, орта медицина қызметкерінікі 40 000 – 50 000 теңге, дәрігерлерде 60 000 – 80 000 теңге. Сырттан асханаға келу шектелген. Осылайша, асхана жалгерлерінің табысы медицина қызметкерлерінің еңбекақысына тікелей тәуелді және тамақ бағасын көтеру мүмкін емес”, - деп атады Салтанат Лесбаева. 

Сонымен қатар, жалгерлердің коммуналдық төлемдер (орташа алғанда 100-150 000 теңге), қызметкерлер жалақысының қоры (аспаздар, асүй қызметшілері, жинаушылар, ыдыс жуушылар), сапалы тауар ұйымдастырумен байланысты, ҚНжЕ талаптарына сәйкес ыдыс-аяқ, арнайы киім, жуғыш және залалсыздандырушы құралдар сатып алуға, тамақтану блоктарында ҚНжЕ сәйкес ағымдағы жөндеу, жабдықтарды жөндеу сияқты шығыстары, бюджетке салық аударымдары және басқа да төлемдері баршылық.

“Жалдау ақысының жоғарылығы кәсіпорынды жабуға, асханалар қызметкерлерін босатуға және жұмыссыздар қатарын толықтыруға әкелуі мүмкін, ал бұл әлеуметтік шиеленіске және наразылыққа, медицина қызмекерлерін тамақтандыруды ұйымдастырумен айналысатын кәсіпкерліктің жойылуына әкеледі”, - деп атады Салтанат Лесбаева.

Оның айтуынша, ҰКП ҚР бас прокурорының орынбасары А.Кравченкоға ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.03.2015 жылғы 212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын жою мәселелерін қарауды сұрады.

Бейне-конференцияға қатысқан Қаржы басқармасы басшысының орынбасары Сайлаубай Айдын Министрліктің аталмыш бұйрықты қалалық ведомствоның қатысуынсыз қабылдағанын хабарлады. “Біз бұл процеске әсер ете алмаймыз, себебі біз оны дайындаған жоқпыз. Бұл мәселені талқылауға шығарған жоқпыз”, - деді ол, сонымен бірге министрліктің қазірде коэффициенттерді өзгерту мәселесін қарап жатқанын, бірақ шешімнің әлі қабылданбағанын айтты.

“Қиын кезеңнің келіп жеткенін және кәсіпкерлер қолдауының қажет екенін айтамыз. Ал бұл бұйрық ШОБ-ты қолдауды үнемі айтып отыратын Мемлекет басшысының сөздеріне қайшы келеді. Біз кәсіпкерлермен бірге экономика министрі Ерболат Досаевтың атына хат жазып, оны «Атамекен» Ұлттық палатасына жолдап, мөлшерлемелерді қайта қарауды сұрайтын боламыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер