«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қоқыс орны жылыжайдан пайдалырақ па?

2015 жылғы 24 Тамыз
- Ақмола облысы
10212 просмотров

Шенеунік пен кәсіпкер қарсылығы. Қақтығыс мәні иесіз жатқан жер телімі!

Ақмола облысы Есіл ауданының тұрғыны Гүлнара Серікова жеке бизнес ашуға бел буады. Ол таңдаған бағыт — көкөністер мен жемістер өсіру. Алайда идеяның өзін іске асыру үшін көп дүние қажет. Болашақ бизнесвумен жергілікті Кәсіпкерлерді қолдау орталығына кеңес сұрап келеді.

КҚО консультанттары Гүлнараның жеке кәсіпкер ретінде тіркелуіне көмектесіп, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасына қатысуға құжаттар жинап береді. Бұдан кейін болашақ кәсіпкер жер телімін жалға алуды жоспарлаған еді. Ол бос жатқан, жанында тұратын үйлер тұрғындары күресін ретінде қолданып жүрген орынды көздейді. Алайда жергілікті шенеуніктер үшін бұл телімді осы мақсатта ғана қолдану тиімдірек болып шықты…

«Қалай көңілім қалғанын түсінуге болады. Ұзақ уақыт бойы жұмыссыз жүрдім. Кәсіпкер болуға шештім. Қолдау орталығы бар екенін естіп, сонда жүгіндім. Консультанттармен бірге барлық құжаттарды жинап, болашақ жылыжай жобасын белгіледік. Тіпті бизнес-курс аяқтауға тура келді. Енді бизнес ашу ғана қалғанда мемлекеттік органдар жерді жалға беруден бас тартты. Телім бос жатқан соң, маған көмек берілеріне сенімді болдым», - деп назаланды Гүлнара Серікова.

Енді жағдайдан шығар жолды Гүлнараның жобасын сүймелге алған Палата сарапшылары іздестіруде. Қазір Есіл ауданы әкімінің және Есіл ауданы Сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының атына өтініш иесі үшін жер телімін жалға беру шартын жасау мүмкіндігін ұсыну туралы өтініш жазылды. Оң шешім шығады деп күтіліп отыр, ал «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қарыз алуға берген өтінім мақұлданып қойған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер