«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ымыра іздейміз

2015 жылғы 15 Қыркүйек
- Алматы қаласы
10093 просмотров

Медиация – қақтығыстан шығар жол іздеу

Алматы Кәсіпкерлер палатасы әрекетінің арқасында кезекті рет қаржы дауын сот қақтығысына жеткізбей, ымыралы нұсқаны табуға қол жеткізілді. Медиация – түйткілді сотқа дейінгі тәртіпте реттеу ҰКП әдеттегі әрі табысты тәжірибесіне айналуда.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бизнесмендердің қарызын қайтаруда немесе басқа да мүліктік дауларды шешуде жәрдем сұраған өтініштер көптеп түсуде.

Бұл жолы Алматы Кәсіпкерлер палатасына «VIRA PRO-Қарағанды» ЖШС директорынан өтініш келген екен. Бір жыл бұрын аталмыш компания «Востокмашзавод» акционерлік қоғамымен арқан жеткізуге шарт жасасады. Келісімшарт сомасы да аз емес - 3 242 810,82 теңге. Жеткізуші шарт талаптарын толық көлемде орындаған. Алайда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ еншілес компаниясы болып табылатын акцинерлік қоғам – тапсырыс беруші тарапынан қазіргі күнге дейін төлем жасалмаған.

«VIRA PRO-Қарағанды» ЖШС өкілінен «Востокмашзавод» АҚ-мен міндеттемені тиісті түрде орындау және қарызды жабу туралы келіссөздер бірнеше мәрте өткізілгені белгілі болды. Бірақ серіктес бұл талаптарды елемейді.

«VIRA PRO-Қарағанды» ЖШС бастапқыда бұл жағдайды сотсыз және шартқа сәйкес пайыздар мен өсімпұлдар есептеусіз таза бейбіт жолмен шешуге талпынғанын атап өту керек.

Кәсіпкерлер палатасы қақтығысты шешуде делдал болып, «Востокмашзаводқа» «VIRA PRO-Қарағанды» серіктестігімен келіссөздер жүргізу бойынша барлық шараларды қолдануды ұсынып хат жолдайды.

«Востокмашзавод» АҚ қаржы жөніндегі бас директорының орынбасары жазған жауаптан компанияның ауыр қаржылай жағдайға орай қарыз сомасын толық жабуға мүмкіндігі жоқ екені белгілі болды. Сонымен бірге, «Востокмашзавод» АҚ қарызды ай сайын 1 000 000 теңгеден төлеп тұрумен, өтеу кестесін жасауды ұсынуда. Мұндай ұсыныс «VIRA PRO-Қарағанды» ЖШС көңілінен шығып, қарыз жабу кестесі мақұлданды.


Ұқсас жаңалықтар:

Медиация бизнесті құтқарады
25 Наурыз
2021
Ақтөбе облысы
Алматыда Медиация жүйесі дамуда
27 Маусым
2019
Алматы қаласы
Дау сотқа дейін шешілді
13 Қараша
2018
Батыс Қазақстан облысы
Медиация арқылы дауды реттеу мүмкін бе?
13 Маусым
2018
Солтүстік Қазақстан облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер