«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Азат Перуашев: «Сатуға салынатын салық түйткілді шешпейді, одан әрі тереңдете береді»

2015 жылғы 15 Қыркүйек
8924 просмотров

Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы фракциясы басшысының ойынша, фискалдық органдардың тиісті талдау мен экономикалық есептеулерсіз жүзеге асырылатын салықты көбейту төңірегіндегі асығыс әрекеттері қауіп тудырады.

Қосылған құн салығын (ҚҚС) сатуға салынатын салықпен (СС) ауыстыруға қатысты өз ойын жеткізе отырып, мәжілісмен «ҚҚС әлемдегі жемқорлыққа ерекше икемді салық болып есептелетінін, және барлық жерде бірдей қолданыла бермейтінін» ескертті. «Есепке алу, төлемдер бойынша есептеулерде қиындықтар бар, және де, өкінішке орай, бізде аталмыш салықтық әкімшілік ету көлеңкелі экономиканы ынталандыруға алып келеді». Партия жетекшісінің айтуынша, бүгінгі инфляциялық процестер қайта өңдеу саласының (тауарлар өндірісі) жеткіліксіз шамада дамуымен байланысты.

«Мемлекеттік табыс комитеті ұсынып отырған ҚҚС-ты сатуға салынатын салықпен ауыстыру схемасы түйткілді шешпейді, тек тереңдете береді, сондықтан да тауарлардың әрбір кезекті қайта келуінде «каскадты» әдіспен сатудан салық алу импортталатын тауарлар үшін салық салудың арзандауын, ал өндірушілер үшін көп дегенде 20-25 % қымбаттауды білдіреді. Осылайша отандық өндірістің «көзін құртамыз» да, біздің импортқа тәуелділігіміз, долларға тәуелділігіміз жүз пайыз болады. Бұл ұлттық экономика үшін жағымсыз салдар тудырады», - дейді Азат Перуашев.

Депутаттың айтуынша, еліміздегі қазіргі салық жүйесі қате бағдарланған.

«Аталмыш жүйеде әкімшілік ету, мөлшерлемелер, салық салумен байланысты түйткілдер баршылық. Бірақ бюджетте табыс бөлігі ғана емес, шығыс бөлігі де бар. бюджетке ағысты қалай көбейтсек те, шығысты бақылауға алмасақ, бұл да түпсіз шыңырауға айналып, оны жаба алмай қаламыз. Табыс бөлігінің артуымен шығыс бөлігін де бақылап отыру қажет, өкінішке орай, олай болып жатқан жоқ. Бәрін бизнеске түсетін жүктемені арттыруға алып келді, ал бұл өз кезегінде жағдайдың нашарлауына ғана әкеледі»,  - деп баса көрсетті мәжілісмен.

Оның айтуынша, салық салынатын базаны кеңейтіп, жаңа кәсіпорындар, жаңа салық төлеушілердің пайда болуына түрткі болуымыз керек. Ал оның орнына елімізде өндіріс жойылып жатыр.

«Мұндай көзқарас, ұстанымдар сол кездегі жағдайдың азды-кем сәтті дамуы кезеңінде қалыптасты деп ойлаймын, және де олар кәсіпкерлердің басына түсіп отырған ауыр жағдайын толық көлемде ескеріп отырған жоқ. Осыған орай салықтық түзетулерді дайындаушылардың жағдайды бажайлап, жаңа салық саясатын қалыптастыру кезінде ұстанымдарын экономикалық ахуалға сәйкестікке келтіруін ұсынамын, сонымен бірге орын алуы ықтимал жағымсыз салдарды да айқын бағамдау керек», - деп түйіндеді Азат Перуашев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер