«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қасбет мәселесі созылып кетті

2015 жылғы 23 Қазан
- Алматы қаласы
10125 просмотров

Алматылық бизнес-вуменның Сәулет және қала құрылысы басқармасының табалдырығын тоздырып жүргеніне 18 жыл болды

Алматылық Любовь Горнышева үшін қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасына бару принцип мәселесіне айналды. 1999 жылдан бері «Гренери» ЖШС директоры дүкеніне жапсарластыра салған жайды пайдалануға беру актісін алуға еш нәтижесіз талпынып келеді.

Сәулетшілердің барлық наразылығы қала құрылысы нормаларына сәйкес келмейтін қасбетке келіп тіреледі (мегаполистің сыртқы келбетін бұзады).

Алматы қаласы әкімдігінің 16 жыл бұрын “Гренери” ЖШС-ға дүкенді кеңейте отырып, қаспетті қайта қалпына келтіруге рұқсат бергенін атап өту керек (Алматы қаласы әкімінің №1-564-р өкімі, 31.12.1999 жылғы №80 рұқсат). Оның үстіне, Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2008 жылғы 26 маусымдағы заңды күшіне енген шешімімен (№ 2-2100/08 іс) Алматы қаласы әкімдігіне серіктестіктің жер теліміне және ғимаратқа жапсар жайға құқығын ресімдеу бойынша қажет шаралар қолдануға міндеттеді. Судья өз шешімінде баса көрсеткендей, жапсарлас жай «қызыл жолақтан» тысқары орналасқан және құрылыс үшін шекараны бұзбайды.

Сот шемінің заңды күшіне енген сәтінен бері 7 жыл өтті, бірақ іс сол бұрынғы қалпында қалды. Сөйтіп, қасбет (іс жүзінде бұл кіре-беріс тобының үстіндегі қалқа) күллі құрылымды заңдастырудың жоқтығына себеп болып отыр.

Бизнес-вумен түйткілі Алматы Өңірлік кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесте көтерілді. Қызу пікірталастан кейін басқарма орынбасары Төлеуқан Исмаилов Люовь Горнышеваның ісін жеке бақылауға алуға шешті. Дегенмен мәселе оң шешімін тапқанша Палата бақылауында қала береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер