«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Билік Кәсіпкерлер палатасының ролін атап өтті

2015 жылғы 28 Қазан
- Алматы қаласы
9596 просмотров

Мемлекеттік қолдау алған 100-ден астам қазақстандық компания «Қазақстанда жасалған» көрмесінің аясында өндірістік әлеуеттерін және үздік өнім үлгілерін паш етті

Алматыда өткен көрмеге қатысуға елдің барлық өңірлерінде тамақ, құрылыс салаларында, жиһаз, киім өндіруде, мамандандырылған техника мен жабдықтар, кәдесый және полиграфия өнімдерін өндіру саласында еңбек етіп жүрген кәсіпорындар тілек білдірді.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек атап өткендей, осындай күрделі экономикалық жағдайда бизнес үшін жағымды инвестициялық орта жасақтаудың маңызы зор. “Барлық рұқсат ету процедураларын жеңілдетіп, әрбір кәсіпорын бойынша көмек көрсетіп, ынта беру қажет, және, әрине, банктермен жұмыс жасау қажет. Бас банктердің 90%-ы Алматыда. Күллі кредит, депозиттердің 40%-ы, тауар айналымының 40%-ы Алматының үлесінде. Барлық кәсіпорындарды нүктелі түрде қамтып, қаражат алатын жолды ашып, бюрократиямен күрес жөніндегі және ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді шешуді қолға алдық», - деді қала басшысы.

“Бүгінгі көрмеге қатысушы компаниялардың әрбір үшіншісі Алматыдан. Мұнда қала бюджетінің 43 пайызын қамтамасыз ететін ШОБ субъектілерінің ең көп көлемі шоғырланған. Және де биліктің басты міндетінің бірі – әкімшілік кедергілерді жою. Қазірде екі апта бойында бизнестің аталмыш мәлелерін шешіп жатырмыз. Бір ай ішінде – бұл біз үшін қауіпті белгі. Осыған орай Алматы Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен жұмыс біз үшін принципті түрдегі маңызға ие. Палата енгізетін барлық ұсыныстарды әкімдік қарап шығып, шаралар қолданады”, - деді Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов.

Мемлекеттік сатып алулар бойынша ақпарат беру және тендерге қатысу мүмкіндіктерінен бастап компанияларға бизнес-жоспар жазып беруге дейін тегін консультациялық қызметтер көрсететін Алматы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметі жеке аталып өтті.

«Қазақстанда жасалған» көрмесі жұмысының қорытындысы бойынша кәсіпкерлер мен Алматы әкімдігі коммуналдық кәсіпорындары арасында ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойылды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер