«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы Кәсіпкерлер палатасындағы ашық есік күні

2015 жылғы 09 Желтоқсан
- Алматы қаласы
10002 просмотров

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (ХАТУ) студенттеріне бизнестің қыр-сыры үйретілді

Прогрессивті жастармен кездесулер өткізу – Алматы Кәсіпкерлер палатасы үшін дәстүрлі құбылыс. Бұл жолы адами капиталды дамыту бөлімі іс-шараға Палатаның марқасқа бизнес-тренерлері Ғани Абадан мен Людмила Лазареваны алып келді. Бағдарламалауға маманданған әрі сайттар дайындау саласында жеке іс бастауды қалайтын ХАТУ түлектеріне бастауға ақшаны қайдан алуға болатыны, клиенттерді қалай тартуға және ұстап тұруға болатыны және тұрақты табыс әкеліп тұру үшін алғашқы ақшаны қайда жұмсауға болатыны жайлы нақты нұқсаулықтар берілді.

“Бизнестің 80%-ы құрылған алғашқы жылы жабылып жатады. Неліктен? Үш негізгі себеп бар: нарықтың (мақсаттық аудитория) болмауы, “мен шамның құлымын” (ісін бастаушы бизнесмен бірнеше қызметкер қызметін атқарады да, біраз уақыт өткеннен кейін «жанып кетеді») және “ұнамсыз бизнес" (кәсіпкерлік қызмет моральдық тұрғыдан қанағаттандырмайды, қожайынның көңілінен шықпайды), - дейді Палата бизнес-тренері, жас кәсіпкер, Abadan&Company компаниясының иегері Ғани Абадан.

“Ертең қолдарыңа диплом аласыздар да, бірінші сұрақ «Жеке іс ашу керек пе немесе ағама жұмыс жасауға барсам ба екен?» деген ойландыратын сұрақтар туындайды», - деп бастады сөзін бизнес-тренер Людмила Лазарева. – Екіншісін жасауға кеңес берер едім, себебі жеке істі ұйымдастыруға, ең алдымен, тәжірибе қажет. Тек топпен жұмыс жасай отырып меңгеруге болатын құнды тәжірибе, дағды мен білік қажет. Уақыт өте келе, бір жыл ма, одан ұзақ уақыт па, біршама даярланып шығасыздар да, бірдеңе жасау керек пе, сатқыңыз келе ме, түсінесіздер. Әрі ісін бастаушы бизнесмендер үшін бүгінде Кәсіпкерлер палатасы бизнес-жоспар жазудан бастап – бухгалтерлік, заңгерлік, маркетингтік мәселелер бойынша клнсультация беруге дейінгі тегін қызметтердің бүтін бір аясын көрсетеді. Сондықтан да бүгінде жеке істі тіркеу 10 жыл бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жеңіл”.    

Мысал ретінде студенттермен кездесуге Aviata.kz және Ticketon.kz интернет-жобаларының бірге негізін қалаушы әрі даму жөніндегі директоры Алексей Ли шақырылды. Жас кәсіпкер бизнесін жоқ жерден бастауға қалай жүрексінбегенін, алғашқы топты қалай жинақтағанын, авиабилеттерді онлайн-сату жөніндегі сайтының қандай техникалық қиындықтарды жеңуіне тура келгенін айтып берді. “Қысқа мерзім ішінде белгілі бір жетістікке қол жеткіздік. Қазір тәулігіне 17 мыңға жуық билет сатамыз. Демек, тәулігіне сайтымызға 40 мың пайдаланушы кіреді деген сөз. Мұндай жүктемені орындап шығу үшін күн сайын жаңа үлгілер ойлап табуға, сайт өлшемдерін ауыстырып отыруға тура келеді. Үнемі жаңа ІТ-шешімдер іздеудеміз десек те болады. Бұл қажырлы еңбек. Табыс аспаннан түспейді”, - деп бөлісті болашақ бағдарламашылармен бүгінгі қалыптасқан бизнесмен.

Алматылық Кәсіпкерлер палатасында Ашық есік күнінің тұрақты негізде өткізіліп тұратынын атап өту керек. Жастардың мұндай табысты бизнесмендермен кездесулерінің мақсаты жастардың мансап жолында қажет білімдер мен дағдылар меңгеруіне қолдау көрсетуде болып отыр. Іс-шара практикалық тәжірибе иесінің өз аузынан ақпарат алып, толғақты сауалдарын қойып, өз келешектерін бағалауына мүмкіндік береді.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер