«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Юрий Тілеумұратов ресми түрде Алматы ӨКП директоры орнына жайғасты

2015 жылғы 18 Желтоқсан
- Алматы қаласы
13576 просмотров

2015 жылғы мамыр айынан бері аталмыш лауазымда басшының міндетін атқарып келген Юрий Тілеумұратов Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры болып тағайындалды

54 жастағы Юрий Тілеумұратов Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетін тәмамдаған. Түрлі жылдары салық органдарында, ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар комитеті төрағасы болып қызмет еткен. Жеке меншік аудиторлық және консалтингілік компанияларда жұмыс тәжірибесіне ие. 2013 жылғы қазан айынан бері «Атамекен» ҰКП Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту комитеті Хатшылығында хатшы лауазымында қызмет атқарған. Алматы Өңірлік кәсіпкерлер палатасында жұмыс жасаған уақыт ішінде өзін ұйымдастыру қабілетіне ие кәсіпқой басшы ретінде көрсетіп, Кәсіпкерлер палатасының міндеттеріне қол жеткізуде, сонымен бірге орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен және бизнеспен әріптестік қатынастарды жөнге салуда айтарлықтай үлес қосқан.

“Сізге табыс тілей отырып, бірлескен жұмыстарыңыз өңір кәсіпкерлігін дамытуға қомақты үлес боларына сенімдімін!” – деп «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов Юрий Тілеумұратовты лауазымымен құттықтады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер