«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жастар жобалары - бизнеске

2015 жылғы 18 Желтоқсан
- Алматы қаласы
12506 просмотров

«Мен кәсіпкермін» әлеуметтік байқауының қорытындысы шығарылды

Алматыда «Алатау» Инновациялық технологиялар паркі» Арнайы экономикалық аймағының базасында V қалалық іскерлік экономикалық «Мен кәсіпкермін» ойынының жабылуы өтті. Барлығы 20 жүлделі орын берілді.

1 орын иеленгендер:

  1. ХБА колледжі – «Тозған шиналарды қайта өңдеу» жобасы;
  2. ХБА колледжі – «Қаржы сауаттылығына оқыту жөніндегі оқу орталығы» жобасы;
  3. Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі – «Шапағат шабуылы» («Штурм милосердия») жобасы.

2 орын алған қатысушылар:

  1. Алматы экономика және құқық колледжі – «Қоршаған ортаға зиянсыз энергия және отын» жобасы;
  2. Алматы қаржы-құқық және техникалық колледжі – «Балалар алаңдары мен ангарларға арналған жабдық әзірлеу» жобасы;
  3. Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі – «Мейрамхана бизнесіне инновациялық технологиялар енгізу (молекулярлық асүй мысалында)» жобасы;
  4. Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі – «Аквапоника» жобасы;
  5. Алматы мемлекеттік технология және флористика колледжі – «Шуақты күн» жобасы;
  6. ХБА колледжі – «Восход» театры жобасы. 

3 орын алған жобалар:

  1. Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі – «Сүт және нан өнімдерін пайдалану және оны жүзеге асыру жолдары» жобасы;
  2. Алматы сән және дизайн колледжі – «Сиқырлы ателье» жобасы;
  3. ХБА колледжі – «Oxygen dream» жобасы;
  4. Алматы сән және дизайн колледжі – «Сүт (ірімшік) сарысу және көкөніс шырындарының негізінде дайындалған сусын технологиясы» жобасы;
  5. ХБА колледжі – «Балалар мерекелерін өткізуді ұйымдастыру» жобасы;
  6. «Әділет» колледжі - «Made in KZ» жобасы;
  7. Алматы қаржы-құқық және технологиялық колледжі – «Жоғары сапалы киім өндіретін тігін цехын құру» жобасы;
  8. ХБА колледжі – «Ғажайып қала» балалардың аула клубы жобасы;
  9. Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі – «Голографиялық дуал» жобасы;
  10. Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі – «Wiki People» жобасы.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы ең үздік 18 жобаны атап, мадақтамалармен марапаттады. «Алатау» ИТП» АЭА президенті Әмірет Қонысбаев аталмыш іс-шараның барлық қатысушыларына алғыс айтып, студенттерге тілегін жеткізді. Іс-шара «Алатау» ИТП» АЭА аумағындағы өндірістік телімдерге экскурсиямен аяқталды.

Жыл сайын Алматы қаласы колледждері оқушыларының арасында өтетін «Мен кәсіпкермін» іскерлік экономикалық ойыны білім алушылардың кәсіпкерлік, бизнес-жобаларды басқару тетіктері жайлы білім деңгейін көтеру және экономикалық әрі кәсіпкерлік саладағы жастардың инновациялық әлеуетін дамыту мақсатында ұйымдастырылады. Байқаудың негізгі міндеттері – нарықтық экономика қоғамында лайықты түрде өмір сүре алатын адамдар – өсіп келе жатқан буын бойында жаңа менталитет қалыптастыру.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер