«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Құтқару қызметімен ынтымақтастық

2016 жылғы 19 Қаңтар
- Алматы қаласы
11151 просмотров

Алматы Кәсіпкерлер палатасы мен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өзара түсіністік және ынтымақтастық жайлы Келісім жасасты

Әріптестік аясында әкімшілік кедергілерді жою және бизнес мүддесін қорғау жөніндегі бірлескен жұмыстарды күшейту жоспарланып отыр. 

“Бұл келісім бірінші кезекте Алматы тұрғындары үшін аса маңызды. Бұл бизнес үшін де маңызды, себебі қандай да бір нормалардың сақталмауы салдарынан арты қазаға әкелуі мүмкін оқиғалар туындап жатады. Өз тарапымыздан өртке қарсы нормаларды өркендетуге, сейсмикалық факторлармен байланысты іс-шараларға қолдау көрсетуге дайынбыз. Келісімде әкімшілік кедергілерді жою бойынша, бақылау-тексеру жұмысы жағынан кәсіпкерлердің құқығына қысым жасалуына жол бермеу жөніндегі тұстар шартталды. Алматыда бизнесті жүргізудің көптеген әлеуетті қауіп-қатер сипатында балатынын атап өткім келеді. Оған жану қаупін қоспағанда, сейсмикалық белсенділікті де, сел жүру қаупін де жатқызуға болады”, - деді Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов.

Ол сонымен қатар өткен жыл нәтижесі бойынша Палатаның Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментімен ынтымақтастығы белсенді әрі табысты болғанын хабарлады. Сөйтіп, заңнамадағы өзгерістерді талқылау және түсіндіру бойынша кездесулер өткізілді, кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштері қаралды.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Серік Әубәкіров те жасалған Келісімнің қажеттігі мен уақытылы жасалғанын атады. “Лицензиялаудың 21 түрінен 20 түрі жойылды. Лицензиялаудың жарылғыш заттарды ұстаумен байланысты 1 түрі қалды. Бүгінде мемлекеттік өрт бақылау бойынша балама форма ретіндегі тәуелсіз бағалау институты құрылып отыр. Тексеріс және тәуелсіз сарапшы қорытындысынан кейін осы қорытындыны қабылдап, кәсіпкерді 3 жылға тексерістен босатамыз. Бұл шаралар тексерістер санын 6 есеге қысқартуға көмектесті», - деп мәлімдеді Серік Әубәкіров.

Тараптар Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойғаннан кейін бизнес мүддесіндегі бірлескен әрекеттердің мегаполистің іскерлік дамуына оң әсерін тигізеріне сенім білдірісті.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер