«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматының бизнес-қоғамдастығы сайлауды құптайды

2016 жылғы 22 Қаңтар
- Алматы қаласы
11572 просмотров

Өңірлік палатада ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейлердегі мәслихаттарға кезектен тыс сайлау өткізу мәселесі талқыға салынды

Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс түйткілді мәселелерді шешудің жаңа жолдарын, жаңа жобалар мен жаңа инвесторлар іздеуге мәжбүрлеп, отандық кәсіпкерлерге айтарлықтай әсерін тигізуде. Қазақстанға тап келген жаһандық экономикалық сынақтар нақты да жылдам жауап қатуды талап етеді. Бұл тұрғыдан қарағанда, мерзімінен бұрын сайлау өткізу және жаңа Прламенттің, жергілікті жерлердегі өкілдік билік органдарының қалыптасуы алдағы реформаларды жүргізу үшін, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға, жаһандық дағдарыстан шығуға халықтың сенім кепілдігіне ие болуға мүмкіндік береді. Бизнес-қоғамдастық өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға кезектен тыс сайлау өткізу жөніндегі Жиналысына қатысушылар осындай ойға келді. Сайлау 2016 жылғы 20 наурызға белгіленіп отыр.

“Әлемдік тәртіп өзгереді, әрі жергілікті жерлердегі басқару жүйесі де осылай өзгеруге тиіс. Өкілдік органдарға қоғамға айтарлықтай пайда әкеле алатын адамдар келуге тиіс. Кәсіпкерлер – бұл қоғамның ең белсенді бөлігі. Жұмыс орындарын құратын, мемлекет экономикасын ұстап тұратын тағы кім? Осы бастаманы қолдауға және алдағы сайлауға белсене ат салысуға үндеймін”, -  деп жүгінді қатысушыларға Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов. 

Алматының шағын, орта және ірі бизнесінің өкілдері де кезектен тыс сайлау өткізу туралы ұстанымдарын білдірді: “Концерн “Bakarassov” ЖШС бас директоры Елена Бакарасова, Шағын бизнес федерациясының төрағасы Владислав Цой, бизнесмен және «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Қоғамдық Кеңес төрағасы Сергей Козлов, «Клет» АҚ Президенті Александр Папп, «Мақпал» Республикалық сән орталығы» ЖШС бас директоры Бәзилә Әбділманова.

“Аса қиын кезеңді бастан кешіріп жатырмыз. Дағдарыс өндірісімізге соққы жасап отыр. Доллармен сатып алатын импорттық шикізат 67%-ға қымбаттап кетті. Кәсіпорнымда 20 қызметкер еңбек етуде. Ешкімді қысқарта алмаймын, себебі олардың алдындағы моральдық-адамгершілік жауапкершілігімді сезінемін. Қиындықтарға қарамастан, жұмыс жалғасуда. Бұл жағдайда сайлаудың өткізілуі ерекше өзекті. Алайда депутат болып ең лайықты, өз қызмет саласында танымал, күрделі мәселелерді шеше алатын адамдар сайлануға тиіс”, - деді Бәзилә Әбділманова.

«5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңінде шағын және орта бизнес субъектілеріне маңызды роль берілген. Еліміз бен халықтың болашағы күрделі экономикалық жағдайда бизнестің дамуына, мемлекет пен қаржы институттары тарапынан алынатын шынайы көмек пен қолдауға тәуелді болады”, - деп түйіндеді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Ерлан Стамбеков.

Іс-шара соңында қатысушылар бастамаға қолдау көрсетіп, кезектен тыс сайлау өткізілуіне 100% дауыс берді.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер