«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес швейцар сағатындай жұмыс істесін десеңіз

2016 жылғы 02 Ақпан
- Алматы қаласы
8468 просмотров

Алматы ӨКП Швейцария Елшілігімен байланыс орнатты.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов Қазақстандағы Швейцар Конфедерациясының Елшісі Мауро Рейнді қабылдады.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Швейцарияның іскерлік әріптестігі жылдан жылға нығайып келе жатқанын атап өтті. Алматыда швейцариялық капиталдың қатысуымен 70-ке жуық кәсіпорын жұмыс істейді. 2015 жылы еуропалық елдер мен Алматы арасындағы тауар айналымы 137 млн. доллардан асты.

«Жергілікті кәсіпкерлер палатасы билік пен бизнес арасындағы ашық және тікелей диалог орната отырып, кәсіпкерлердің құқығын қорғау үшін құрылған. Біздің негізгі міндетіміздің бірі, сондай-ақ, шағын және орта бизнестің жергілікті субъектеріне шетелдік әріптестерді іздестіру және тарту, бірлескен жобаларды тізе қосып орындау, мемлекеттік қаржыландыру бағдарламасының жеңілдіктері бойынша кеңесшілік қызметтер көрсету», – деді кездесу кезінде Юрий Тілеумұратов.

Швейцариялық дипломатта та Алматы жайлы өз әсерімен бөлісті. «Мен бірлескен өндіріс жанындағы жергілікті демалыс орталықтарымен, қонақ үй және мейрамханалық бизнес кәсіпорындарымен танысып үлгердім. Бұдан бөлек, меморгандардың ашықтығы, соңғы уақытта іске қосылған кәсіпкерлікті дамыту институттарын жұмысын ерекше атап өтсе болады. Оңтайлы шаралардың арқасында Алматының инвестициялық тартымдылығы да өсіп келеді» – деді Мауро Рейна.

Тараптар өзара іскерлік байланыстарды нығайтуға және әрі қарайғы ынтымақтастыққа сенім білдірді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер