«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда екі жаңа оқу кластері табыс әкеле алады

2016 жылғы 03 Ақпан
- Алматы қаласы
11854 просмотров

Трир қаласының Қолөнершілер палатасы бірлескен жобаны іске асыруды ұсынды

Жеңіл өнеркәсіптер, полиграфия және баспа кәсіпорындары мамандарын сертификаттау және біліктілігін көтеру, даярлау, қайта даярлау бойынша салалық оқу кластерін құру экономиканың осы секторындағы кадр тапшылығын түбегейлі өзгертуге мол мүмкіндік береді. Алматы қаласы ӨКП салалық кәсіпорындар мен оқу орындары (ҚазҰУ, ҚазҰПУ, АТУ, Алматы жаңа технологиялар колледжі, Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі, Алматы полиграфия колледжі) арасында байланыс орнатуды жоспарлап отыр. 

Бұл идея Трир қаласы қолөнершілер паласымен кәсіби білім беру саласындағы әріптестік жобаны талқылау кезінде Алматы кәсіпкерлер палатасында көтерілді. Старатегиялық әріптесті таңдау да кездейсоқ емес. Техникалық, кәсіби және қос білім беру саласындағы қазақстан-неміс бірлескен жобасы «Атамекен» ҰКП екінші жыл қатарынан сәтті жалғасып келеді. Осы ынтымақтастық кезінде Алматыда баяғыдан екі оқу кластері құрылған. Эксперименталды жоба нәтижесінде туризм және қонақжай индустриясы кәсіпорындарына қажетті әшекейлеу бойынша мамандар, интерьер дизайнерлер даярлау тәсілдері өзгерді.

«Кең көлемде жұмыстар жүргізілді. Оған Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығы, Қазақстан туристік Қауымдастығы, Қазақстан қонақ үйлері мен мейрамханалар қауымдастығы, Алматы қаласы білім басқармасы, ҚазБСҚА, ҚазҰТУ, Алматы құрылыс-техникалық колледжі, Алматы көпсалалы колледжі, Алматы құрылыс және менеджмент колледжі, Қазақ спорт және туризм академиясы, Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі, Туризм және қонақжайлық индустриясы колледжі оқытушылары мен студенттері тартылды. Бұл сапалы түрде кәсіби білім беру мазмұнын жаңартуға, білім беру стандарттарын өзгертуге, кәсіпорын тәлімгерлері мен жеке жұмыс жоспары біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Тұтас алғанда, қос білім беру жүйесін енгізудің  бірінші кезеңі сәтті өтті және белсенді түрде әрі қарай жалғасатын болады», - деді Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасы адам капиталын дамыту бөлімінің бастығы Вера Цзин.

Бірлескен жоба аясында Трир қаласы Қолөнершілер паласының президенті Рудольф Мюллердің экологиялық жиһазды өндіру бойынша өндірістік білім беру шеберлері мен кәсіпорын тәлімгерлеріне, салалық колледж оқытушыларына өткен семинары есте қалды. Бұдан басқа, Қазақстандық сараптама тобы Германиядағы мамандарды сертификаттау мен білім алушыларды аттестациялау жүйесімен танысты. Қазіргі таңда Германиялық тәжірибені ескере отырып, салалық мамандарды, түлектерді тәуелсіз сертификаттау жәнебілім алушыларды аттестациялаудың тиімді үлгісін құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жаңа оқу кластерін ашу бастамалары қазіргі таңда талқылану және қарастыру кезеңінде. Сондай-ақ, неміс әріптестерімен қос білім беру стандарттарын енгізу бойынша ынтымақтасу Алматы ӨКП жалғасуда. Айта кетерлігі, техникалық мамандарды даярлаудағы Германияның тәжірибесі әлемде ең озық саналады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер