«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіби дәнекерлеушілер АҚТК-да дайындалатын болды

2016 жылғы 28 Наурыз
- Алматы қаласы
15935 просмотров

Алматы қаласында дәнекерлеу ісінің мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі Өңірлік ресурс орталығы ашылды

Білікті дәнекерлеуші мамандар Алматы құрылыс және техника колледжінің базасында оқытылатын болады. Жоба студенттерге, сала мамандарына, біліктілігін арттырушы және қысқа мерзімдік курстардың тыңдаушыларына, сондай-ақ орталықта оқуға келген өзге де азаматтарға арналған.  

Қазақстанның еңбек нарығына жүргізілген талдау жұмыстары көрсеткендей, жұмысшы мамандық иелеріне деген сұраныс 62%-ды құрайды. Жұмысшы мамандықтарда оқушылар құрамы 90-жылдардың басынан бері екі еседен көп мөлшерге азайған (1991 жылғы 225,7 мың адамнан 2015 жылы 97,7 адамға). Осыған байланысты Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасының, Алматы қаласы Білім басқармасының, «Спецвент» ЖШС, «Белкамит» ЖШС қолдауымен және ҚР БҒМ «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» бағдарламасының аясында мамандарды даярлайтын Ресурс орталығын құру туралы шешім қабылданды.

Жобаны жүзеге асыру барысында Алматы құрылыс және техника колледжінің басшылығымен заманауи қажеттіліктерді қанағаттандыра алатын: Virtual Velding электрлі дәнеркерлеуге жаттығу құралы, ТСВ-01 дәнекерлеушінің жаттығу құралы, электрұстаушы және ММА тәсілімен (қолмен имектеп дәнекерлеу) оқыту бағдарламасы, MZ-ZK-1000 дәнекерлеуші автомат-тракторы,  TRANSTER 5000 дәнекерлеуші автомат-тракторы, 2DVIZOR 3000 виртуалды көзәйнек орнатылған дәнекерлеуші қалқаншасы, ППУ-03021 электродтарды пісіретін пеш, ЭПФ-120/45 флюсті пісіретін пеш, қайрау және бұрғылау станоктары, бұзушы машина, электрогидравликалық нығыздаушы және газ гроны сатып алынды.

«ТКББ жаңғырту» жобасы аясында Дүниежүзілік банктен жобаның 2 кезеңіне 2013 жылы – 55 845 000 теңге, жобаның 3 кезеңіне 2015 жылы – 39 089 500 теңге бөлінді. Ал Алматы қаласының әкімшілігі жобаның 2 кезеңін 2013 жылы – 16 871 000 теңгеге, жобаның үшінші кезеңін 2015 жылы – 11 700 000 теңгеге қаржыландырды.

Жобаны ұйымдастырушылардың жорамалдауынша, әлеуметтік серіктестіктің тиімді үлгісінің, көпсалалы қаржыландыру жүйесі мен білім беру саласындағы басқаруларға бизнес өкілдерінің қатысуының арқасында  саладағы олқылықтың орны жақын арада толтырылатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер