«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сақтықта қорлық жоқ

2016 жылғы 17 Мамыр
- Алматы қаласы
9014 просмотров

Алматыда халықаралық компаниялардың жетекшілеріне мемлекеттік қолдау құралдары туралы түсіндірді

Тауарын экспорттаушы компаниялар өздерінің ішкі нарықтық келісім-шарттарын коммерциялық және саяси тәуекелден сақтандыра алады. Әлеуетті қатерлердің қатарына – сатып алушылардың келісімшарттағы міндеттерді орындамауы, сатып алушылардың банкротқа ұшырауы, заңды мирасқорлардың қатысуынсыз жою, шетелдік банктердің банкротқа ұшырауы, айырбастау бағамдарын шектеу немесе тыйым салу, төлемдерді аудару, жаппай тәртіпсіздік, азаматтық толқу немесе соғыс, келісім-шартты бір жақты бұзу немесе шетелдегі мемлекеттік органдардың келісім-шартты орындамауы, шектеуге немесе тыйым салуға шет мемлекеттің кедергі келтіруі кіреді. Сақтандыру қызметінің тізіміне экспорттық несие, қарыз, импорттаушыларды тікелей қаржыландыру, экспорттаушыларды алдын ала қаржыландыру енеді. Сақтандыруға берілген өтініштерді қарастыру 7 күннен 12 күнге дейін созылады және тәуекел етуге және андеррайтингке баға беріліп, соңында қорытынды жасалады.

«Мәселен, сіз ұнды Тәжікстанға жеткізесіз. Келісім-шарттың сомасы 10 пайыз франшизамен 1 миллион доллар көлемінде. Осы жағдайда Тәжікстан әлеуеті аса қауіпті аймаққа жататынын ескереміз. Сондықтан, сақтандыру тарифі 1,1% құрайды. Егер Тәжікстанда азаматтық толқулар басталса, 1 миллион доллар шығынның орнын 900 мың доллар көлеміндегі  сақтандыру төлемімен толтырып береді (1 млн*90%=900 000)», – дейді  «ҚазЭкспортГарант» АҚ Маркетинг және сату департаментінің директоры Қуаныш Мақажанов.

Анықтама үшін: «ҚазЭкспортГарант» ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2003 жылы құрылған. Оның жалғыз акционері «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ болып табылады. ҚазЭкспортГарант – 2004 жылдан бері Берн одағындағы  Прага клубының мүшесі, ол әлемдегі экспорттық-несиелік агенттіктердің қауымдастығы болып табылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер