«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Табыс көзі – биржада

2016 жылғы 27 Мамыр
- Алматы қаласы
7562 просмотров

Алматы қаласының бизнесмендеріне қор нарығының құралдары арқылы қаржы тарту тәсілдері түсіндірілді

Шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған кеңес беру «Атамекен» ҚР ҰКП мен «Қазақстан қор нарығы» АҚ-ның бастамасымен өткізілді. Бизнестің қаржылық ресурстарға қолжетімсіздігі тұрғысынан алғанда, тақырып айтарлықтай өзекті.

Бизнесті дамытуға арналған қандай қосымша құралдар бар? Бұл кәсіпкерлердің Қазақстан қор нарығы мен еліміздегі жетекші консалтингтік компаниялары өткізген кеңес берушілерді толғандырған басты сұрақтар. Бизнестің көптеген өкілдері сенімді түрде дамып, өз әрекетінен табысты көрсеткіштерге қол жеткізгенімен, көбінесе дамудың жаңа кезеңіне өту үшін және оны жаңғырту жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға қосымша қаражатты қажетсінеді. Әдетте бизнес иелері несие ресурстарын іздеп, екінші деңгейлі банктерге жүгінуді әдетке айналдырып алған. Алайда баламалы көздер де бар, соның бірі IPO-ға шығу, яғни жеке акцияларды бұқаралық түрде қор биржасына орналастыру. KASE-те инвестиция тартудың артықшылықтарының бірі – қажетті көлемде салыстырмалы түрде арзан капитал алу. Одан бөлек, қор нарығына шығу әлеуетті әріптестер мен клиенттер үшін тартымды имидж қалыптастыра отырып, компанияның беделіне оң әсерін тигізеді.

«Әрине, биржадағы листинг, бірінші кезекте, компанияның бизнес жүргізудегі тиімділігі мен ашықтығынан хабар береді. Сонымен қатар, әлеуетті әріптестер мен инвесторларға компанияның қаржылық мәліметтері мен оның нарықтық құнына баға беру нәтижелеріне барлық есіктерді ашып береді», – дейді «Қазақстан қор нарығы» АҚ атқарушы директоры және басқарма мүшесі Қайрат Тұрмағанбетов.

KASE-те листингтен өту сондай қиын емес деп сендіреді таныстырылымдарын ала келген «Фридом Финанс» пен Ernst & Young Kazakhstan LLP сарапшылары. Бұл мәселеге KASE тарапынан қызығушылық танытылуы жаңа эмитенттерге әр кезеңде кеңес беруден бастап, листингке дайындау барысында және акцияларды нарықта айналдыруда ақпараттық қолдау көрсетуге дейін жан-жақты қолдау танытуға кепіл болады. Маңызды сәттердің бірі, инвесторлардың жаңа әрі келешегі бар инвестиция нысанына, әсіресе экономиканың нақты секторына деген сұранысы. Юрий Тілеумұратов бастаған Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы процесске жан-жақты көмектесуге дайын.

«Біз осы кәсіпкерлермен осы тақырыптағы кездесулердің толықтай циклін ашуды жоспарлап отырмыз. Өйткені бұл мәселеден барлығы хабардар емес. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына KASE-тің материалдарын қоямыз, кеңес беруші менеджерлеріміз бұл құралдарды кәсіпкерлерге ұсынады», – деді ӨКП басшысы.

Осы айдың сәуірінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Қазақстан қор нарығы» АҚ арасында қол қойылған өзара әріптестік туралы меморандумға сәйкес, мұндай қор нарығы туралы кәсіпкерлерге арналған кеңес берулер, дәрістер мен шеберлік сыныптары барлық өңірлерде өткізіледі. Естеріңізге сала кетсек, құжат құнды қағаздар нарығын дамытуға, қолайлы жағдай жасауға арналып, отандық компанияларды Қазақстанның қор нарығына шығуға ынталандыруға бағытталған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер