«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тігіншісі көп елдің, киімі бүтін

2016 жылғы 27 Маусым
- Алматы қаласы
6766 просмотров

Жеңіл өнеркәсіпке маман даярлайтын алматылық кластердің түлектері дипломдық жұмыстарын таныстырды

Қазақстандық тігін өнеркәсібінің болашағы қандай? Ертең сол саланың тағдырына иелік ететін бүгінгі бейінді колледждердің түлектері кімдер? Олардың идеялары, трендтері қандай? Ал, ең бастысы, олар әлеуетті жұмыс берушілер мен әріптестеріне қаншалықты қажет? Осы және өзге де сұрақтарға Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінің жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына мамандар даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру мен сертификаттау салалық кластері базасында білім алған «Киімді құрастыру және модельдеу» мамандығы түлектерінің ашық дипломдық жобаларын қорғауға қатысушылар жауап беруге тырысты. 

Студенттердің жұмыстарына білікті дизайнерлер, фабрика, тігін шеберханалары мен Сән үйлерінің қожайындары, Алматы Кәсіпкерлер палатасының және салалық қауымдастықтардың сарапшылары баға берді.

«Міне, 15 жылдан бері біз осы колледжбен өзара қарым-қатынастамыз, дәл осы жерде Сертификаттау жөніндегі орталық ашып, жеңіл өнеркәсіпке мамандар даярлау бойынша кластер құруға кеңес бердік. Неліктен дәл осы жерде? Өйткені бұл оқу орнында сауатты мамандар, белсенді басшылар қызмет етеді. Қазақстандағы барлық жоғары оқу орындарының қолы жете бермейтін, кластерді ұйымдастыру шеңберінде жабдықталған бағдарламалар, тапшы әрі қымбат тұратын құрал-жабдықтар сіздерге шексіз мүмкіндіктер береді. Сіздердің сұранысқа ие болатындарыңызға күмән келтірмеймін!»,–деп Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худова түлектерді құттықтады.

«Студенттің сұранысқа ие болып, жұмыс беруші қойып отырған барлық талаптарға сай келгені маңызды. Мен бүгінгі ашық дипломдық жобаларды қорғауды түлектер аукционы деп батыл түрде атай аламын. Міне, дәл осы жерде кәсіпкерлер, болашақ жұмыс берушілер кейін жақсы жұмыс орындарын ұсыну үшін болашақ жұмысшылардың не істей алатынын, қандай идеялар ұсына алатынын көзбен көре алады. Сондықтан дәл бүгін қолдарынан не келетіндерін және машықтарын жақсылап көрсету маңызды. Ақ жол!», – деп Алматы Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Вера Цзин құрастырушы-модельдердің жаңа толқынына сәттілік тіледі.

Білім беру мен бизнестің арасындағы тікелей байланыс – салалық кластердің негізгі идеясы осы. Оны құру жөнінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастама көтерген еді. Бүгінгі таңда Алматы Кәсіпкерлер палатасы қалалық әкімдіктің қолдауымен 7 мамандар даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру мен мамандарды сертификаттаудың салалық оқу-әдістемелік кластерін құрды (туризм және қонақжайлылық, тамақ өндірісі, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс, интерьердің дизайны мен безендіру, полиграфия және баспа ісі, білім беру салалары үшін).

Білім берудің кластерлік жүйесінің басты ерекшелігі – білім берудің барлық кезеңі ішіндегі тәжірибе, яғни тәлімгерлер кәсіпорындарда өтілі бар тіс қаққан кәсіби мамандардан жасақталады. Кластерлік жүйенің басқа да міндетті шарттарынан бөлек артықшылығы – оқытудан кейін түлекті жұмыспен қамту. Осылайша, салалық кластер дайындаудың және мамандарды сертификаттаудың желілік түрі қағидасымен жұмыс істейді. Ол үшін оқу, өндірістік, кадрлік, инновациялық, ақпараттық қаржылық және материалдық ресурстар біріктіріледі де, республикалық салалық жұмыс берушілер қауымдастығы, базалық кәсіпорындар, бейінді ЖОО-лар мен колледждер, салалық сертификаттау орталықтары қамтылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер