«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бауыржан Байбек: «Алматы өзіндегі жоғары мәртебеге бизнесмендердің арқасында қол жеткізді»

2016 жылғы 07 Шілде
- Алматы қаласы
7609 просмотров

Оңтүстік мегаполисте «Алматы – өмір мен бизнес үшін қолайлы қала» V инновациялық форумы өтіп жатыр

Шенеуніктер, бизнесмендер, стартапшылар және қала құрылысы, сәулет және ииновация салаларындағы әлемнің 20 елінен келген сарапшылар (Ресей, Израиль, Оңтүстік Корея, АҚШ, Мексика, Германия және т.б.) Алматының таяу жылдардағы даму мәселелерін талқылады. Футурологтардың пікірінше, болашақтың кілті «ақылды» қала құруға көмектесетін инновациялардың үлесінде. Мұндай тұжырымды қала басшыларының өздері де ұстанып отыр. Қала басшысы Бауыржан Байбек атап өткендей, Алматы мақсатты түрде осы мақсатқа қарай ілгерілеп келеді.

«Бүгінде қала сервистік қаладан инновациялық смарт-ситиге өтудің алдында тұр. Қанша өршіл естілсе де, біз көптеген қалалар осыған жеткенін көріп отырмыз, сәйкесінше жүйелі күш салуға тырысудамыз. Бұл үшін бізде инновациялық әлеует бар, адам капиталы бар – мұнда 42 ЖОО, екі технопарк, индустриалды аймақ, республикадағы барлық ҒЗТҚЖ жартысы және жаңашыл топтың 84%-дан астамы бізде», – деді Бәйбек.  

Алматы әкімінің айтуынша, қолда бар әлеует жеткілікті түрде жүзеге асып жатқан жоқ. «Жағдай жасау үшін екі фактор қажет – капитал және идея. Бүгінде біз бизнес алдындағы бюрократиялық кедергілерді азайтуға, адами факторларды азайтуға тырысудамыз. Өз қызметтерімізді әлеуметтік желілер арқылы белсенді түрде алға жылжытып отырмыз, Алматы әкімдігіне келіп түскен барлық шағымдар мен өтініштердің 85%-ы инстаграм арқылы шешілуде. Біз анағұрлым ашық бола бастадық және бұл шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жақсы ынта болады деп ойлаймыз. Идея туындау үшін адам қажет, олардың қолайлы өмір сүруі үшін біз барлық қажетті әлеуметтік жағдай жасаудамыз. Алматыда 60 мыңнан астам камера бар, бұл жол-көлік оқиғаларын 30%-ға азайтуға сеп болды. Жарық орнатылған қалалардағы қылмыс 25%-ға азаяды деген сенім бар. Міне, жуырда біз көшені жарықтандыру жүйесінде 80 мың шамды энергия үнемдеуіш шамдарға алмастыратын боламыз. Бұл тұста бізге «Алатау» ИТП көмектесуде. 150 велопарк, 30 велобекет ашамыз, онда 2 мың велосипед ұсынылатын болады, бұл да экологияны жақсартуға сеп болмақ. Қазірдің өзінде ИТП-де тіркелудің электронды есебі басталып кетті, ақылды ТКШ жасап жатырмыз. Яғни, қаланың барлық міндеттерін біз анағұрлым аз шығын кететіндей, жаңа технологияларды енгізу арқылы шешудеміз», – деді Бауыржан Байбек.  

Форумға шақырылған G20 Қорының басқарма төрағасы Виктор Филиппенко де қызықты пікір айтты. Санкт-Петербург тумасы Виктор әлем азаматы  –globalcitizen болып саналады. Ол әр уақытта Лондон, Франкфурт, Мәскеу және Стамбулда өмір сүреді және оның пікірінше, технологиялар трансформациясы ғасырында жаңашыл бизнесмен белгілі бір жерге немесе кеңістікке тұрақтап қалуы міндетті емес.    

«Ірі қалалардың бұдан арғы экономикалық гүлденуінің кепілі – бүгінгі күні интеллектуалды орта жұмысшыларына жағдайлар жасау. Олар кімдер? Бұл кәсіпкер немесе білімі әлемнің кез келген жерінде кәдеге жарайтын жоғары білікті маман. Неліктен қала басшылары  адамдардың дәл осы санатына бағдарлануы керек? Себебі тек солар қосымша құны жоғары өнім жасай алады. Барлықтарыңыз білесіздер, сапында 20 ғана қызметкер жұмыс жасайтын, бірақ 20 млрд долларлық кіріс әкелетін жаһандық корпорациялар бар. Мен сияқтыларды мұнда әкелу үшін не істемек керек? Әлбетте, сапалы сервиске де, қауіпсіз жүріп-тұру мен тұрғын-жайға да (саяси жағдай,  экология, кептелістердің жоқтығы, әлемнің кез келген жеріне әуе қатынастарының болуы), мәдени-көңіл көтеру орталықтарға (демалыс, бос уақыт) да қолжетімділікті қамтамасыз ету керек. Менің Алматы туралы пікірім қандай? Менің мұнда алғаш рет келуім, бірақ бір көргеннен оны Куала-Лумпурмен теңеуге болады, мұнда мегаполис инфрақұрылымы  сапалы шипажайлық деңгейде. Әсем таулар бар, бұл туризмді дамытуға үлкен мүмкіндік. Мұнымен жұмыс жасау керек», – деді қонақ.

Форум шеңберінде Startup Kazakhstan халықаралық бағдарламасы мен «Алматы қаласының орнықты көлігі»  БҰҰДБ/ЖЭҚ Almaty tech Garden-мен бірлесе ұйымдастырған инновациялық технологиялар байқауы аңдатпасының тұсауы кесілді. «ИТП» АКҚ бас директоры Санжар Кеттебековтің айтуынша, 2020 жылға дейін 500 стартап тартылмақ, олар ИИДМБ және «Сандық Қазақстан» секілді екі мемлекеттік бағдарлама аясында іске қосылмақ.

«Үздік жоба авторы оны жүзеге асыру үшін 20 мың доллар алатын болады. Бұл үшін ол Алматыда 7 апта, АҚШ-тағы Силикон жазығында 2 апта бойы оқу оқиды. Бұдан кейін біз оны 100 мың долларлық қаржыландырумен қамтып, жұмыс аймағын ұсынатын боламыз. Бүгінгі күні Мәскеуден, Минскіден, Санкт-Петербургтен, Шымкенттен, Атырау, Астана және Алматыдан 700 өтінім келіп түсті», – деп мәлімдеді Кеттебеков.

Шараға, сондай-ақ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев, «Казкоммерцбанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Кеңес Рақышев, Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов, білім беру және ғылым салаларының, банктер мен даму институттарының өкілдері қатысты. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер