«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қытай кәсіпкерлері зор қызығушылық танытып отыр

2016 жылғы 19 Тамыз
- Алматы қаласы
8193 просмотров

Шетелдік инвесторлар Өңірлік кәсіпкерлер палатасында болды

Ханьчэн (ҚХР, Шэньси өлкесі) қаласынан келген делегация құрамында құрылыс және әрлеу материалдарын, болат құрылымдарын, электрохимия құрылғыларын, қыш өнімдерін өндірушілер мен туристік агенттіктердің басшылары бар. Алыстан ат терлетіп Алматыға келген қонақтардың басты мақсаты – бизнес саласында серіктестік орнату.

«Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында мықты саяси және экономикалық байланыс орнатылған. Орнын толтыруға болатын кем-кетіктері де жоқ емес. Инвестиция салу үшін тиімді нысандарды іздеу мақсатына біздің «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымы әзірлеген Өңірлік даму картасы көмектесе алады. Ол жерде өңірлік экономиканы құрайтын секторлар нақты сипатталған. Мысалы, бұл Алматыдағы жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, фармацевтика және туризм. Бұдан бөлек, республика бойынша 10 еркін экономикалық аймақ бар. Оның екеуі біздің қаламызда орналасқан. Бұған кәсіпкерге бизнесін жүргізуге барлық мүмкіндік беріп отырған Индустриалды аймақ пен «Алатау» инновациялық технологиялар паркі жатады», – деді қонақтарды қарсы алу барысында Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов.

Бас делегат, Хуайань уезінің басшысы Лу Вейдонг Палата өкілдеріне жылы қабылдағандары үшін алғысын білдіріп, тығыз қарым-қатынас орнатуға дайын екендерін хабарлады.

«Бір белдеу-бір жол» атты мемлекеттік бағдарламаға орай, біздің көптеген компанияларымыз Қазақстаннан өкілдігін ашты. Бүгінде бізбен бірге тігін фабрикасының басшысы, электр жабдықтарын шығару зауытының, цемент зауытының  директорлары бар. Олардың барлығы сіздердің Индустриалды аймақта бизнес ашу ұсыныстарыңызға қызығушылық танытып отыр», – деп атап өтті Вей Дун Лу.

Екі тарап Қазақстандағы жұмыскерлерге еңбек ақы төлеу қорының деңгейін, салық мөлшері мен жеңілдіктерін, электр қуатының тарифтерін және тағы басқа шығын түрлерін талқылады. Іссапар бағдарламасында, сондай-ақ, Алматы қаласының Инвесторларға қызмет көрсету орталығында кездесулер өткізу жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер