«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда электронды сатып алулардың коммерциялық тәуелсіз порталы таныстырылды

2017 жылғы 27 Қаңтар
- Алматы қаласы
7944 просмотров

Бұл – сатып алулардағы қағазсыз рәсімдердің толық циклін жүргізетін электронды сервисті қамтамасыз етуші ақпараттық жүйе

Оны «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Нарықты мониторингілеу және сараптау орталығы» ЖШС директоры Айымгүл Әбілова мен «Mitwork» ЖШС бас директоры Юлия Степанцова таныстырды.

Шараға «Атамекен» ҰКП өкілдері, бизнес-қауымдастық және экономика саласындағы танымал сарапшылар қатысты.

«Бұл портал – жалпыға қолжетімді, сатып алулардағы қағазсыз рәсімдердің толық циклін жүргізетін, электронды сервисті қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе. Порталда электронды сатып алулар шынайы уақыт режимінде жүргізіледі. Сондай-ақ, заңды тұлғаларға электронды-сандық қолтаңбаның заңды күшін растай отырып, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сату жөніндегі азаматтық-құқықтық келісімдерді электронды форматта жүргізуге мүмкіндік береді. Порталда бұған дейін 300 млрд теңгеден астам сомаға сатып алулар жүргізілді. Порталды пайдалану сатып алулардың бәсекелік ортасын 2 есеге дейін арттырып, сатып алуларды 15%-ға дейін үнемдеу, 1-ші айдан бастап ақпараттық технологияларға инвестиция салмай-ақ, сатып алулардың электронды рәсіміне біртіндеп кедергісіз өту, бейіндік емес үстеме шығындарды 10%-ға дейін кеміту сынды оң көрсеткіштерге қол жеткізуге болады», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП «Нарықты мониторингілеу және сараптау орталығы» ЖШС директоры Айымгүл Әбілова.

Таныстырылым кезінде қатысушыларға портал қызметі туралы статистикалық мәліметтер ұсынылып, аталған ресурстың барлық артықшылықтары айтылды.

«Барлығына мемлекеттік сатып алуларға қатысты жағдай мен «қазір сатып алғанымызбен, кейін сол жеткізушіні таппай қаламыз» деген қауіп таныс шығар. Немесе арзандау бағаға сатып алынған тауар мен қызмет сапасыз болады деген ой тууы мүмкін. Айта кетерлігі, біздің порталдағы жеткізушілер қосымша тексеруден өткізіледі. Біз сол жеткізушінің көрсетілген заңды мекен-жайда орналасқанына, жұмыс телефоны мен кері байланысы бар екеніне кепілдік береміз. Біздің департамент сол тексерісті қамтамасыз етеді және жеткізушілерді екі айда бір рет акредитациядан өткізіп тұрады. Мұның барлығы жеңімпазды анықтаған соң, келісімшарт жасауға қатысты түсініспеушілік пайда болмас үшін жасалып жатыр. Электронды сатып алу порталын қолдана отырып, компания 30 миллион теңгеге дейінгі қаржысын үнемдей алады. Мәселен, «Қамқор» холдингі 920 миллион теңгеге сатып алулар жасау кезінде жоғарыдағыдай соманы үнемдеп қалады. Маңызды жобаларды дамыту мақсатында да үнемдеп қалуға болады. Мынандай жақсы статистика бар, егер компания электронды сатып алуларды пайдаланса, онда ол планетадағы 8 ағашты сақтап қалады», – деді «Mitwork» ЖШС бас директоры Юлия Степанцова.

«Еуразиялық электронды портал» ақпараттық жүйесіндегі жоғары дәлдік, ашықтық отандық кәсіпкерлік субъектілерінің, ұлттық холдингтер мен басқарушы компаниялардың, ірі және орта бизнестің сатып алу процестерін тиімді етіп, сондай-ақ порталдың жұмысын одан әрі ілгерілетпек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер