«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Барлығы өз қолымызда

2017 жылғы 09 Ақпан
- Солтүстік Қазақстан облысы
10097 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкері Қуат Айтжанов кәсіпкерлерді қолдау құралдары арқылы Елбасы белгілеген көрсеткіштерге жетуге болады деп санайды

СҚО Жамбыл ауданының кәсіпкері армандар орындалатынына кәміл сенеді. «Бизнес жол картасы-2020» мемлекетті бағдарламасы арқылы жас кәсіпкер «ТумарАрт» атты полиграфия және дизайн студиясын ашқан. Бұған дейін ол бейнефильмдер түсіру, фотосессиялар өткізу, той фотоальбомдарын әрлеумен айналысып, жеке фотосалон ашуды армандайтын. Жеке іс ашу жолындағы алғашқы қадам «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша экспресс курстарында оқумен басталды. Ары қарай Қуат Айтжанов ойламаған нәрселер орын алады. Жергілікті Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері кәсіпкерді «Іскер байланыстар» атты оқу бағдарламасымен таныстырды. Аталған бағдарламаның негізгі мақсаттары:

  • Топ-менеджерлерді бизнесті құру және жүргізу бойынша жаңа моделдерге үйрету;  
  • Компанияның бәсекеге қабілеттілігі, төзімділігі және тұрақты өсуін көтеру;   
  • Халықтың бизнес жүргізу бойынша кәсіпкерлік деңгейін жоғарылату.  

Аталған жүйелі оқуды тәмамдаған Қуат тағылымдамадан Германияның Дрезден қаласынан тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады. «Білімімді Еуропада шыңдау мүмкіндігін еншіледім. Біліктілігі жоғары кәсіпкер ретінде болашақта туған жерімде әлемдік стандарттарға сай, бәсекеге төзімді кәсіпорын құрып, көп адамдарды жұмыспен қамтып, Қазақстан экономикасының дамуына өз үлесімді қосамын деген сенімдемін. Елбасы жаңа Жолдауында осындай әрекеттерді тілге тиек еткен болатын. Әркім мүмкіндіктердің барлығы өз қолында екенін түсініп, нақты іспен айналысуы қажет. Ең бастысы ынта болса болғаны. Мысалға мен  қарапайым ауыл жігіті мемлекеттік қолдаумен шетелге барып келдім. Жолдаудың негізгі бағыттарында шағын және орта бизнестің дамуына арналған. Демек, биылғы жылы кәсіпкерлерді қолдау, оқыту бойынша құралдар көбееді, мүмкіндіктер ұлғаяды. Мұның бәрі Елбасы белгілеген көрсеткіштерге қол жеткізуге жағдай жасайды», – деді Қуат Айтжанов.

Қуат Айтжанов биыл «Қазақстанның үздік тауары» байқауының «Халық үшін үздік тауарлар» номинациясы бойынша қатысуға өтінім берген. Кәсіпкердің айтуынша байқауға қатысуда маңыздысы жеңіс емес, бастысы үлкен белестерді армандап, сол арманға талмай еңбектену арқылы қол жеткізу.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер