«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда үздік тауардың иесі кім?

2017 жылғы 27 Маусым
- Алматы қаласы
5232 просмотров

Алатау бөктерінде Алматының үздік тауар өндірушісі анықталады

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының салтанатты ашылу рәсімен Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов пен Алматы қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Алмас Мәдиев ашты.

«Бұл байқау 11 жыл бойы өткізіліп келеді. Алматының кәсіпорындары республикалық байқауда жүлделі орын алатыны қуантады. Республикалық деңгейде байқаудың үш аталымында да жеңімпаздар болды. Олардың қатарында танымал АЗТМ, ҚазСПО-Н және т.б. бар. Бүгін біз 62 компания қатысқан байқауды ашып отырмыз. Ертең байқау қорытындысын шығарғанда үздіктердің үздігі анықталып, 9 жүлдегер республикалық байқауға қатысады. Тауар өндірушілерге сәттілік пен табыс тілеймін», – деді Юрий Тілеумұратов.

Өз кезегінде Алмас Мәдиев кәсіпкерлерді өңірдің дамуына қосып жатқан үлестері үшін алғысын білдірді.

«Алматыда бизнес жылдан-жылға дамып келеді. Бүгінде 180 мыңға жуық бизнес субъектісі жұмыс істейді. Алматы қаласы көш басында, тәуелсіз сарапшылардың бағасы бойынша біз бірінші орында тұрмыз. Бұл, әрине, сіздердің арқаларыңызда, сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Қаланың дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс біліремін, жүлделі орыннан көрініңіздер», – деп лебіз білдірді Алмас Мәдиев.

Көрмеде отандық тауар өндірушінің үздік үлгілері шығарылды: тамақ және жеңіл өнеркәсіп өнімдері, жұмсақ жиһаз, көлік құралдары, өнеркәсіптік жабдықтар бар

Байқау жеңімпаздары ертең анықталады. Салтанатты марапаттау рәсіміне «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Алматы әкімдігінің басшылығы қатысады. Іс-шаралардың қорытындысында кәсіпорындар «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар», «Халыққа арналған ұздік тауар», «Үздік азық-түлік тауары» аталымдары бойынша анықталады. Жүлделі орын алған 9 кәсіпорын Астанада өтетін республикалық байқауға жолдама алады.

Биыл «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына Алматы қаласының 62 компаниясы қатысып отыр. Байқаудың басты мақсаты сапа мәселесін шешуге өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару, сондай-ақ тұрғындар арасында сапа идеясын танымал ету.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер