«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы тауарының саны мен сапасы бәсекеге қабілетті

2017 жылғы 28 Маусым
- Алматы қаласы
6667 просмотров

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Қазақстанның үздік тауары–2017» өңірлік көрме-байқауы Алматы қаласында өтті. Байқау нәтижесінде «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымының жүлделі 3 орын «СОЛО ЛТД», «Smart Pay», «IDC» компанияларына берілді. Ал «Үздік азық-түлік тауары» аталымындағы 1-орын «БИЖАН» ет өңдеу зауыты» ЖШС алды. Осы аталымның 2, 3 орындарын «Цин-Каз» және «Tea House» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бөлісті. Ал «Халыққа арналған үздік тауар» аталымында «Angelcher» ЖШС, «Жетісу» ЖШС, «Profi Moda» сауда үйі үздік үштік атанды.

Өңірлік байқаудың барлық жеңімпазы Астанада өтетін республикалық байқауға қатысады. Жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев қатысты.

«Отандық тауар бәсекеге қабілетті болудың ең басты факторы – оның сапасының жоғарылығында. Бұл байқау адал кәсіпкерлерді анықтайды. Биыл Алматыдағы байқауға 62 компания қатысты. Осы компаниялардың арасынан үздігі анықталады. Қатысушыларға сәттілік тілеймін», – деді алғысөзсінде Нұржан Әлтаев.

Алматы әкімі Байыржан Байбектің айтуынша, қала экономикасы шикізат емес және ғылымды қажет ететін басымдықтармен құрылып келеді.

«Америкалық акпараттық технология және новация қорының мәліметінше, өңдеу өнеркәсібінде бір жұмыс орнын ашу басқа салаларда бес жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Технологияны дамыту жұмысшының білімі мен машығын арттыруға алып келеді, сондықтан біз ары қарай да еңбек өнімділігі, экспортқа бағытталу мен инновациялық өрлеуге ден қоя отырып өңдеу өнеркәсібін дамытуға қолдау көрсетеміз. Кәсіпкерлерді жаңа өнім шығаруға, сапасын арттыруға, модернизация мен технологиялық құралдануға инвестиция құюға шақырамыз. Алматыда сәтті жобалардың бар екеніне қуанамыз. 5 айда өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына құйылған инвестиция 9 млрд теңгеге жетті, қала кәсіпкерлері былтыр инновацияға шамамен 12 млрд теңге инвестиция салды. Олардың ішінде бүгінде байқауға қатысып отырған Тихаус компаниясы да бар», – деді Бауыржан Байбек.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов атап өткендей, алматылық компаниялар, әдетте, көптеген сапа байқауларында жүлделі орындарды алады. Ол компанияларды жеңісімен құттықтап, республикалық байқауға сәттілік тіледі.

Биыл «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына Алматы қаласының 62 компаниясы қатысты. Байқаудың басты мақсаты сапа мәселесін шешуге өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару, сондай-ақ тұрғындар арасында сапа идеясын танымал ету.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер