«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әлемдік бренд жасаудың құпиясы

2017 жылғы 11 Қазан
- Алматы қаласы
7794 просмотров

Испаниялық кәсіпкерлер Алматы кәсіпкерлеріне әлемдік атаудағы компания құрудың қыр-сырымен бөлісті. Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткізілетін French day іс-шарасында жеке кәсіппен айналысушылар франшиза, оның ерекшелігі мен мүмкіндіктері туралы пікір алмасып, тәжірибе бөліседі. Кәсіпкерлікке баулудың кезекті отырысы қарапайым химиялық тазалау орталығының әлемдік брендке айналуы тақырыбына арналды.

1994 жылы Мадридте ашылған Pressto химиялық тазалау орталығының бүгінгі жетістігі қызығарлықтай. Дүниежүзіндегі 24 мемлекетте үш миллионнан астам клиенті бар ірі компания айналды.

Әлемге ең танымал кір жуатын орын директорының орынбасары Франсиско Гарридо Алонсоның айтуынша, жетістіктің бар сыры клиентке қарай бейімделуде.

«Pressto әлемдегі үздік 100 франшизаның қатарында. 538 химиялық тазалаудың ішіндегі 59 орын меншік иесінікі. Ал қалғандары франшизамен ашылған. Компания нарықтың түрлі талаптары мен жағдайларын зерттеп, клиенттердің сұранысына қарай бейімделу арқылы жұмыс істейді. Тұтынушылар заттарын ұқыпты, тиянақты тазалайтын кәсіби маманға табыстағылары келеді. Инновациялар әрдайым енгізіліп келеді. Дегенмен ең бастысы – клиенттермен жұмыс істеу. Біз қызметімізге сұранысты арттыру, сенімді тұтынушылардың қатарын көбейту. Тұтынушыларға қарай бейімделу мен ниеттестік жұмысы да жолға қойылған. Клиенттер тапсырысының сомасына қарай балдар мен бонустар беріледі. Бұл клиенттердің қайта келіп тапсырыс беретініне сенімділікті оятады», – деп түсіндірді Франсиско Гарридо Алонсо онлайн байланыс арқылы.

Шетелдік маманның айтуынша испаниялық марканы қарапайым кір жуатын орынмен салыстыруға болмайды. Pressto – химиялық тазалау бутигі. Онда бөлменің дизайнынан бастап түрлі қызметтер ұсынылады.

Шетелдік маман жетістіктің келесі бір құпиясы – қызметтің ашықтығы екенін айтты. Егер өзге компанияларда барлығы жабық, жасырын болуы тұтынушылардың сенімділігінде күмән тудырады. Компанияда тұтынушылардың келіп, іске араласып, кез келген заттарын өздерін тазалауға, тіпті оларға мамандардың тазалау процесін бақылауға мүмкіндік жасалуы сенімді жұмыстың негізі.

«Қаржылық қиындығы бар клиенттерге қызмет көрсетеміз. Несиеге қызмет алуға да болады. Тіпті өздері жуып ала алады, бұл әлдеқайда арзанырақ. Ал қызметкерлер әрдайым көмектесіп, кеңес береді», - дейді Франсиско Алонсо.

Отандық кәсіпкерлердің назарына көрсетілетін қызметті әртараптандыру бизнестің мүмкіншілігін арттыратыны жайында айтылды. Атап айтқанда, тек тапсырыс беріп қана қоймай, жөндеу, тігу, қайта пішу секілді қызметтер де көсретіледі. Бұл бір жерден бірнеше қызметті алу арқылы уақыт үнемдеуге мүмкіндік берері белгілі. Сонымен қатар цифрлық технология мен интернеттің қарқындылығында онлайн тіркелу арқылы тапсырыс бере отырып, жұмыстың барысын толықтай бақылауға да жағдай жасалған. Сонымен қатар, тапсырыстары тазалауға немесе жеткізу бөлімдеріне ауыстырылғаны туралы хабарламалар жолданады. Ал қымбат матадан, тері мен былғарыдан жасалған заттарды маусым сайын сақтауға да беруге болады. Мұнда ерекше күтім қажет заттары арнайы талаптар мен температурада сақталады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер