«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Интернетте тауарды қалай тиімді сатуға болады?

2017 жылғы 18 Қазан
- Алматы қаласы
8529 просмотров

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған интернет-маркетинг мектебіне қатысушылар бесінші модуль барысында Рrogrammatic сату құралы жайлы ақпарат алды.

Programmatic немесе RTB (Real Time Bidding) – Қазақстан үшін жаңа, алайда әлемге кеңінен танылған модель.  Оның аукцион арқылы медиалық жарнама (баннерлер, бейне, мәтінді-графикалық блок) үшін интернет кеңістігінде жарнама сатудің құралы ретінде сипаттауға болады. Бұл жарнама құралы жарнама беруші мүдделі нақты аудиторияға арналып көрсетіледі. Атап айтқанда, жарнама беруші сайтта жарнамалық хабарландырудың нақты орнын  емес, кез келген сайтта осы жарнаманы көретін аудиторияны сатып алады. Платформа интернет қолданушысының әрекетіне қарай оның жасын, тұрғылықты орны мен қызығушылығын анықтайды.

«Programmatic нені назарға алады? Әлеуметтік-демографиялық сипаттама, қызығушылықтар, белгілі бер парақшалардың оқылуы, іздеу тарихын, жарнамалық материалдармен осыған дейінгі тәжірибесін, конверсия орын алған ахуалды есепке алады. Былайша айтқанда қолданушының кім екенін, интернетке қай жердерде қосылатыны, қызығушылығын, нені іздеп, оның таңдауына не әсе ететіні, желідегі әрекетінғ жарнамаға қалай қарайтынын, нәтиже шығару үшін оныңмен қалай байланысу керектігін толық біле аламыз», - деп технология жөнінде түсіндірді Interactive Қазақстан бас директоры Юрий Кралюк.

Сарапшының айтуынша, бүгінде онлайн сатып алудың 78% Programmatic бағдарламасының көмегімен жүзеге асып отыр. Мобильді байланыс операторларының дамығаны септігін тигізгені анық.

«Естеріңізде болса ең алдымен GPRS немесе 2G болды, кейіннен 3G, қазіргі таңда LTE немесе 4G орын алды. Бұл бізде 1,5 жыл ішінде орын алса, Ресейде 5 жыл ішінде жүзеге асырды. Егер аймаққа қарай бағалар болсақ, интернетке қосылу Қазақстанда әлдеқайда жылдам. Қала арасындағы алшақтықты ескерсек, мобильді операторлардың барлық тұтынушыны қамтуға мүмкіндіктері мол. Бірақ екінші жағы да бар. Біз белгілі бір баспалдақтан өтіп келе жатқанымызбен, нарық жаңа технологияларға дайын емес. Мысалы, жарнамалық агенттікке барып бірден 100 мың көрсетілім қалайтыныңды айтасың. Бізде мобильді интернет көптеп жасалып жатыр, ал тапсырыс берушіде сайттың мобильді нұсқасы жоқ. Тұтынушыларға ыңғайсыз, жарнамалық агенттіктер игермейді, сондықтан қолайсыздық туындайды. Технология дайын емес, дегенмен кодтар мен цифрлық технологияның арқасында өзгертуге болады. Келесі жылдан бастап барлығы да бірізді жұмыс істейді деген ойдамын, себебі құрал-сайманды жеткізушілер бар, оларды тексеру оңай, расымен қажетті нәтижені береді», - дейді Юрий Каралюк.

Еске салсақ, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы бір ай бұрын интернет-маркетинг мектебін бастаған еді. Маркетологтар, компаниялардың CRM-менеджерлері, жеке бизнес иелері мен жас кәсіпкерлер 8 модульдің оқуды тәмамдамақ. Осы уақыт аралығында медиалық, имидждік құрылым кестесі мен интернеттегі бейнежарнама турадлы молынан ақпарат алады. Сонымен қатар digital-стратегия мен медиажоспарлау, Google AdWords бен Яндекс Директте контекстік жарнама жасауды, Facebook, Instagram желілерінде SMM маркетинг жүргізуді үйренеді. Microsoft коммерциялық сервистерімен танысып, нейминг пен бредингтің сәтті үлгілерін талдайтын балады. Оқуға қатысушыларға Digital marketing workshop аяқтаған туралы сертификат табысталады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер