«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Танымал кәсіпкер соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің құрамына кірді

2017 жылғы 21 Қараша
- Алматы қаласы
8692 просмотров

Кеңес азаматтық қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелерін бойынша оның ішінде судьялыққа қандидаттарды іріктеудегі пікірін зерделейді

Алматы қаласының сотында қалалық сот төрағасы Н.Әбіқановтың басшылығымен кезекті пленарлық отырыс өтті. Жиынға азаматтық және қылмыстық іс жөніндегі аппелляциялық алқаның төрағалары, сондай-ақ қалалық сот бөлімдерінің басшылары қатысты. «Атамекен» ҚР ҰКП және бизнес-қоғамдастықпен ары қарайда жұмыс мақсатында пленарлық отырыстың қаулысымен Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қайрат Құдайберген Алматы қалалық сотының жанындағы Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің құрамына кірді.

Аталған кеңес қызметінің мақсаты – азаматтық қоғамның өзекті мәселелерге қатысты, оның ішінде судьялыққа кандидаттарды іріктеу бойынша пікірін тіркеу.

Жиын барысында, сонымен қатар, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен алдағы уақытта да белсенді ынтымақтастық бойынша ұсыныстар айтылды.

Қайрат Құдайберген – ҚР Президенті Уәкілдігімен кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі бақылау секторының жетекшісі, «Q3 Worldwide» холдингінің негізін қалаушы, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер