«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда көлік-экспедитор бизнесінің қорытындысын талқылады

2018 жылғы 09 Ақпан
- Алматы қаласы
8558 просмотров

Алматыда ұлттық экспедиторлар қауымдастығының конференциясы өтті

Көлік саласының кәсіпкерлері ҚР Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының жыл сайынғы конференциясында қордалаған мәселелерді талқылады. Іс-шараға қатысқан «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов көлік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру, кеден операцияларын қысқарту және тасымалдау процесін жақсартуға әсер ететін басқа да шараларды атады.

«Атамекен» палатасы Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының тікелей қатысуымен, мемлекеттік органдармен бірлесіп, көлік-логистикалық салада бизнес жүргізуге тосқауыл болып отырған әкімшілік кедергілерді алып тастау, ел заңнамасындағы адал бәсекеге кедергі келтіретін нормаларды анықтауға  қатысты жұмысты әрдайым атқарып келеді», ­– деді Елдос Рамазанов.

Бірлесіп атқарған жұмыстың негізгі нәтижесі көлік-экспедиторлық қызметтің нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру және жетілдіру, экспедиторлық қызмет тізімін арттыру әрі сапасын жақсарту, ел нарығында және шетелде отандық экспедиторлық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ ҚР «Темір жолкөлігі туралы» жаңа заң жобасын дайындау болып саналады.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Ұлттық экспедиторлар қауымдастығы, мемлекеттік органдар, «Қазақстан темір жол» ҰК» АҚ қатысуымен бизнес пен биліктің өзара іс-қимылының қалыптасқан үлгісі  жүйелі сипатқа ие болды. Клиентке деген қатынас өзгеріп, еркін кәсіпкерлік қызмет дамып келеді.

Жиынды жалғастырған Қазақстан ұлттық экспедиторлар қауымдастығының бас директоры Илья Сегал «Атамекен» жанындағы құрылған жұмыс топтарының тиімді ісіне назар аударып, саладағы түйткілді мәселелердің оң шешімін атап өтті.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы темір жол саласының құрметті маманы Нығметжан Есенғарин «Темір жол көлігі туралы» заң жобасын дайындауда ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің жанынан құрылған жұмыс тобымен бірлесіп атқарылған жұмыстың оңтайлылығы жайлы айтып, тасымалдау процесіне қатысушылардың барлығының жауапкершілігін нақты бөлу қажеттілігіне назар аударды.

«Темір жол көлігі туралы» заң жобасын дайындауда ауқымды жұмыс атқарылды, бұл өте жақсы, дегенмен мұнымен тоқтап қалмау керек, нормативті-құқықтық жұмысты осы бағытта жалғастыру керек», - деді Нигметжан Исинғарин.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер