«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркия кәсіпкерлері Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігіне қызығушылық танытуда

2018 жылғы 28 Сәуір
- Алматы қаласы
7552 просмотров

Алматыда қазақстандық және түрік кәсіпкерлердің кездесуі өтті. Іс-шараға Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының аппарат жетекшісі Нұрлан Қабіштаев, Конья қаласының Түркия өнеркәсіпшілері мен бизнесмендері қауымдастығы MUSIAD өкілдері және Түркияның ҚР-дағы Елшісі қатысты.

«Бүгін Конья қаласының Түркия өнеркәсіпшілері мен бизнесмендері қауымдастығымен кездесу өтті. Аталған қауымдастық делегациясын құрылыс, машина жасау, химиялық өнеркәсіп және қызмет көрсету саласында қызмет ететін 30 кәсіпкер бастап келді. Түркия өнеркәсіпшілері мен бизнесмендер қауымдастығының кәсіпкерлері Қазақстанның инвестициядлық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытуда. Атап айтқанда еліміздің кәсіпкерлік әрі қаржы орталығы ретінде Алматыға ынта зор. Бүгін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ары қарай Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы түрік инвесторларына қолдау көрсетуге дайын», – деді Нұрлан Қабіштаев.

 Кездесу Түркия мен Қазақстан арасындағы сауда айналымын ұлғайтуға бағытталған B2B форматында өтті.

 «30-ға жуық кәсіпкер Қазақстан тарапынан келді, тура сондай көлемде Түркия жақтан да мүдделі тұлғалар болды. Отандық кәсіпкерлердің ынтымақтастық орнатуға деген қызуғышылығы қуантып отыр. Түркияда, әрине көп кәсіпкерлер қазақстандық кәсіпкерлермен байланыс орнатқылары келеді, бірақ бүгін Конья қаласының кәіпкерлері ғана келді. Түркия үкіметі тарапынан мұндай іс-шаралар жақсы қолдау табады. Бұл соңғы кездесу емес, әлі талай басқосулар өткізіледі», – деді MUSIAD Kazakhstan компаниясының өкілі Йылмаз Кесен.

Түркия сауда делегациясының секторлық бизнес бағыттары мынадай: құрылыс, машина жасау, металлургия, автомобиль, бөлшек заттар, зергерлік өндіріс, электроника, есептеуіш техника, жиһаз, тұрмыстық техника мен климатты жақсартуға байланысты.

 «MUSIAD Түркиядағы ең ірі қауымдастықтың бірі. Олар Қазақстанмен ынтымақтастық орнату үшін алғашқы қадамдар жасауда. Бұл алғашқы өзара B2B кездесу. Бүгін 16 бизнес бағытта жұмыс істейтін кәсіпкерлер келді. Елдер арасындағы достық пен өзара жобалар өз жемісін әкеледі деген ойдамын. Әсіресе «Атамекеннің» Алматы қаласы бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасына алғыс айтқымыз келеді», – деді «АйРиал Консалтинг» компаниясының бас директоры Ернар Айдар.

 Салтанатты жиыннан кейін Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы мен «MUSIAD» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қол қойылған соң кәсіпкерлер арасында B2B  келіссөздер басталды.  

Айта кетелік, машина жасау, бөлшек заттар мен құрылыс саласына қызуғышылық үлкен болды. Бұл кездесуде Түркияның NEUS AUTO атты автобөлшектер шығаратын ірі компаниясы болды. Қазақстандағы автокөліктердің басқа да жеткізушілерімен бәсекелестік мәселесін атап өту қызықты. Мәселен, Қытай мен Ресесй өнімі анағұрлым арзан келеді. Ал жауап өзін күттірген жоқ.

 «Бұл кездесуге қуаныштымыз. Біз автобөлшек шығарумен айналысамыз. Өніміміз жоғары сапасымен ерекшеленеді. Әрине, біз бәсекелестік мәселесін жақсы түсінеміз. Алайда біз анағұрлым сапалы өнім шығарамыз. Келешекте Қазақстанда филиалдарымызды ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл уақыт еншісінде», – деді NEUS AUTO сауда бойынша менеджері Фатих Хайкыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер