«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы кәсіпкерлеріне мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтылды

2018 жылғы 28 Сәуір
- Алматы қаласы
4583 просмотров

Алматы кәсіпкерлер палатасында отандық тауар өндірушілер ұзақмерзімді шарт жасауда қандай қолдауға ие болатыны жайында айтылды

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүйе құрушы ірі кәсіпорындар бойынша бағалық индикаторлар белгіленген. Тізбеге тау-кен қазу және мұнай-газ секторының 23 кәсіпорны енді. 10 кәспорын тау-кен қазу саласына, 13 кәсіпорын мұнай-газ саласына тиесілі. Талдау нәтижесінде бүкіл өнім үш топқа жіктелген.

Бірінші топ: елде өндірілетін, бірақ сатып алуларда пайдаланылмайтын өнімдер. Екінші топ: тапсырыс берушілерге қажетті тауарларға ұқсас өнімдер; бұл кәсіпорындарға белгілі бір деңгейде жаңарту жасау керек. Үшінші топ: өндірілмейтін тауарлар.

  «Кәсіпорындар бұл тауар тізімімен Кәсіпкерлер палатасына және әкімдікке барып, таныса алады. Ары қарай біз осы тауарларды ғылым өкілдерін тарту арқылы Қазақстанда шығаруға күш саламыз. Дубликаттарды шығарып емес, өз өнідірісімізді құрамыз. Мәселен, біз Алматы ауыр машина жасау зауытында болдық. Оларда өздері әзірлеп шыққан өнімдер бар. Басқа ешкім шығармайтын бірігей өнімдер. Осы өнімдерді зауыт көп жылдар бойы ірі өнеркәсіптік компанияларға сатып келеді. Осындай бағыт керек», – деді «NADLoC» жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Дмитрий Усов.

Спикердің айтуынша «АрселорМиттал Темиртау» АҚ, «Евразийская группа» ЖШС, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Қазцинк» ЖШС сынды ірі кәсіпорындармен қажетті тауарлар тізімін беру туралы келісім жасалған. Жалпы сомасы 235 млн АҚШ долларына тең  1900 тауарлық позицияны құрайытн тізбе анықталды, әрі бұл тізбе жылда жаңарып отырады. Қажеттілік болса кәсіпорындарға сол компанияның жеткізушісі болғанға дейін аралықта жобаларға сүйемелдеу алу мақсатында кәсіпорындар Кәсіпкерлер палатасына немесе әкімдікке жүгіне алады.

«Бізде Дүниежүзілік Банктің  – Жеткізушілердң даму қызметін құру жобасы бар. Бұл жоба кәсіпорындарға ұлттық компаниялар талап ететін деңгейге дейін өсуге мүмкіндік береді.  Олар әр өндірушімен жекелей жұмыс істейді. Бұдан басқа, халықаралық сертификат құнының 80%-ға дейін төлеуге мүмкіндік бар. Бүгінде алдымыздағы  KPI – 100 кәсіпорынды өндіріске шарт жасап, айналымдарын 25 млн АҚШ долларына өсіру деңгейіне жеткізу. Бұл үдерістер мамыр айында іске қосылады. Бұл мақсатта халықаралық консультанттарды іріктеп, жұмылдырамыз», – деді  Дмитрий Усов.

 Қазіргі таңда құрылыста қолданылатын материалдарды шығаратын отандық өндірушілер тізімін құру бойынша жұмыс жүріп жатыр.   Бәр осы ресурсқа жүгінетін болады. Егер отандық тауар өндіруші болса, оны тартуға мәжбүр болады. Ал бас мердігер, жеткізушіні ауыстырғысы келсе, онда бұл мәселені комиссиямен мақұлдауы керек болады.

 Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебай мемлекеттік сатып алуларда жергілікті қамтуды арттыру мәселесі үнемі қала әкімдігі бақылауында екенін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер