«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысының мемлекеттік органдары жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға қарсы ма?

2018 жылғы 17 Мамыр
- Жетісу облысы
5522 просмотров

Басқармалар мен әкімдіктер бірлескен жұмыс жоспарын орындамай келеді

Талдықорғанда Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының басшысы Нариман Әбілшайықовтың төрағалығымен Отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету шеңберінде сатып алу саласындағы жұмыс комиссиясының кезекті отырысы өтті. Ветеринария басқармасы мен Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандары әкімдіктерінің жергілікті өндірушілерді қолдау мәселелері бойынша жұмыс қорытындылары тыңдалды.

Өз кезегінде мемлекеттік қызметкерлер қазақстандық құрам деңгейін арттыру мәселесі басты назарға алынғанына сендірді.

Комиссия мүшесі кәсіпкер Александр Хильниченко қатысушыларға жұмыс комиссиясының жұмыс жоспары тиісті дәрежеде орындалмайтынына өкініш білдірді.

«Облыс әкімінің орынбасары Комиссияның жұмыс жоспарының жаңа редакциясын бекітті. Барлық мүдделі мемлекеттік органдарға танысу үшін жіберілген. Алайда, бұл жоспар мемлекеттік органдар тарапынан қажетті деңгейде іске асырылмай, Кәсіпкерлер палатасына қандай да бір ақпарат берілмейді. Жаңа жоспардың орындалуын қатаң бақылауға алу қажет», – деді А.Хильниченко.

Комиссия мүшесі Александр Аникин кейбір мемлекеттік органдардың заңбұзушылықтары жүйелі түрге ауысқанын жеткізді. Бұзушылықтар 2015 жылдың 19 наурыздағы ҚР Ұлттық экономика министрінің бекітен тапсырыс берушінің қызметін ұйымдастыру мен міндеттерін іске асыру жөніндегі талаптармен байланысты. 

«Талап бойынша тапсырыс беруші жобалық құжаттамада қарастырылған негізгі құрылыс материалдары, құралдары, өнімдері мен құрастырылымдарға сұраныс бекітілген сметалық тізімдемені ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етуі тиіс. Өкінішке орай, мемлекеттік органдар аталған талапты орындамайды. Сондықтан мемлекеттік сәулет және құрылыс бақылауы басқармасына тапсырыс беруші мемлекеттік органдарда осы талаптардың сақталуы жөнінде тексеру жүргізуді ұсынамын», – деді А.Аникин.

Отырыста Комиссия мүшелері күні бүгінге дейін тапсырыс берушілердің басым бөлігі қазақстандық құрам жөніндегі тізімдемені толтырмайтынын да айтты.

Еске салсақ, Талдықорған қаласында Отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету шеңберінде сатып алу саласындағы жұмыс комиссиясы құрылып,  Кәсіпкерлер палатасының алаңында әкімдіктер мен салалық басқармалардың сатып алу саласы бойынша жұмыстарды тыңдалады. Осыған дейінгі отырыста Текелі қаласы мен Ақсу, Талғар, Ұйғыр аудандары әкімдіктері және білім басқармасының жұмысы тыңдалған болатын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер