«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық өнімге қолдау

2018 жылғы 09 Шілде
- Алматы қаласы
4866 просмотров

Биыл Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасында қала әкімінің орынбасары Алмас Мәдиевтің қатысуымен Жергілікті қамту үлесін бақылау комиссиясының 3 отырысы өтті. Комиссия аясында сатып алулар және жергілікті қамту үлесі бөлімі сатып алудың жылдық жоспарына талдау жасады.

«Құрылыс жұмыстарымен байланысты 100 млн теңгеден астам сомаға сатып алу болғанын анықтады. 94 нысан 123,3 млрд теңгеге анықталды, сол нысандарға мониторинг жүргізіп, нәтижесінде тапсырыс берушілер мен бас мердігерлерге 6,02 млрд теңге сомасында отандық тауар өндірушілердің өнімін қолдануға кеңес берілді. Қазіргі таңда жергілікті тауар өндірушілермен 1,9 млрд теңгеге келісімшарт жасалды», - деп атап өтті бөлім басшысы Жанна Мырзақұлова.

Сарапшы мемлекеттік сатыпалуларда жергілікті қамту үлесінің артуынан нақты мысал келтірді.

«Жергілікті үлесті камту бойынша жүргізілген бақылаудан кейін биыл наурыз айында «Алатау ауданындағы №151 мектептің құрылысы» нысаны бойында «Склаб ОВ» ДШС компаниясымен отандық радиаторларды жеткізуге 2 млн теңгеге келісімшарт жасады. Кезекті отырыстан кейін денсаулық сақтау мәселесі бойынша №4 емхананы қайта жасауда «АВЗ» ЖШС желдеткіш шығарушы компаниямен 25 млн теңгеге келісімшарт жасады. Мұнымен қоса, JULDYZ KENAN Co.,LTD ЖШС 300 млн теңге сомасына «СК Фармация» компаниясымен келісімшартты ұзартты. Ұсынылған тізімнен отандық тауар өндірушілермен жасалған келісімшарттың жалпы сомасы 2,2 млрд теңге болды», - деп атап өтті Жанна Мырзақұлова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер