«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Оңалту түрмесі» жобасы аясында бизнес-семинар өтті

2018 жылғы 27 Тамыз
- Алматы қаласы
5782 просмотров

«Оңалту түрмесі» атты пилоттық жоба аясында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренерлері ЛА-155/18 мекемесінде жазасын өтеп жатқандарға семинар өткізді.

 

 «Аталған жобаның мақсаты – босатылғаннан кейін өмірді реттеумен  байланысты мәселелерді шешудегі жаңа тәсілдерді апробациялау үшін сотталғандарды дайындау, сондай-ақ, оларға қайтадан қылмыс жасауға жол бермеу болып табылады. Жоба Қазақстанның барлық өңірінде іске асып жатыр, және нәтижесі жаман емес», – деді Алматы қаласы Қылмыстық-атқарушы жүйесі департаментінің бас маманы Шынар Хусаинова.

Тренинг барысында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының мамандары бас бостандығынан айырылған жандарға жеке кәсіп ашу мүмкіндігі, жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша несие алу мүмкіндігі туралы айтып берді.

  «Кез келген адамда өзіне тән талабы болады. Сіздер де тігуге, қолөнерге, дәмді ас әзірлеуде ынталарыңыз бар деп сенемін. Идеяңызды жеке кәсіп ашып, іске асыра аласыз. Мәселен, сіз дәнекерлеушісіз. Онда ерекше ұсталықпен, ешкімде жоқ темір кереуетін әзірлеңіз.  Бүгінде жеке кәсіп ашуда бастапқы жарнаның да қажеті  шамалы.  Егер тапсырыс түссе, тапсырыс берушіден аванс алып, керек материалдарды сатып ала аласыз. Қажетті ақпаратты «Бизнес-Кеңесші» атты тегін семинардан алуға болады. Оқуды аяқтағаннан соң, 6%-дық жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік беретін сертификаттар беріледі»,– деді ӨКП бизнес-тренері Асима Сұлтанова.  

 Қандай бизнес түрін таңдау керек, кеңес алу үшін қайда бару керек жайында ақпаратты Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының маркетологы Мақсат Сералы және бухгалтерлік және салықтық қызмет көрсету агенттігінің директоры Нұрбол Мұсабаев айтып берді.

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер