«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда цемент өнеркәсібінің мәселелері мен дамуы талқыланды

2018 жылғы 30 Қазан
- Алматы қаласы
6610 просмотров

 Алматыда «Цемент өнеркәсібі және нарық»  XVI Халықаралық Ортаазиялық көрме-конференция өтті

 BusinessСem Almaty 2018 форумы цемент саласындағы барлық үдерістер туралы толық ақпарат алып, саланың жетекші мамандарымен кездесіп, көшбасшылар тәжірибесімен танысып, ұсыныс пен серкітестерді табуға болатын танымал алаң. Биыл конференция 16-шы рет өтіп жатыр. Ірі шараның сегізі Алматыда өткен. Конференция қатысушыларының пікірінше, Орталық Азия бүгінде тұрақты эксономикалық өсуді көрсетіп, азаматтардың әл-ауқаты артып келеді.

  Қарқынды даму қазіргі заманғы кәсіпорындарды құруға, жаңғырту бағдарламаларын іске асыруға, өндірістерді технологиялық жаңартуға ықпал етуде.

«Стратегия-2050» мемлекеттік бағдарламасы және Мемлекет басшысының Жолдауы экономиканың жаңа индустрияландыруына және үшінші өндірістік революция аясында отандық индустриялық үрдістерді құруға сенімділікті арттырады. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 4 мың километр заманауи автобан салу жоспрланған, ал «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 15 жыл ішінде 1,5 млн пәтер салу көзделген. Осылайша мемлекетіміз шетелдік инвестицияларды тарта отырып, мемлекеттік сатып алуларды ұлғайтып, құрылыс индустриясына инновацияларды енгізу және дамуын үнемі ынталандырып отыр. 2017 жылы, мәселен, цементті тұтыну көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 2 есе артып, 10,5 млн тоннадан асқан. Барлық цемент зауыттарының жобалық қуаттылығы жылына 12 млн тоннаны құрады. Осыған байланысты бүгінгі көрме-конференция форматында әлемнің жетекші цемент компанияларының тәжірибесімен алмасу өте жоғар мәнге ие», – деді Қазақстан құрылыс материалдары өнеркәсібі қауымдастығының төрағасы, ҚР құрметті құрылысшысы және Алматы қаласындағы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшесі Марал Томпиев.

«Құрылыс саласы – ел экономикасы құрылымында басымдыққа ие сала. Шикізат базасы, жеткізілім тізбегі, үлкен өндірістік қуат және мемлекеттік қолдаудың болуы сектор дамуына оң әсер етуде. Мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес цемент және басқа да құрылыс материалдарына деген сұраныс тұрғын үй құрылысы мен халық санының ұлғаюына қарай арта бермек. ҚР-дағы өсу жыл сайын 1%-ды құрайды, бұл жақсы көрсеткіш», – деді Алматы қаласы ӨКП Өңірлік кеңесінің төрағасы Юрий Тлеумұратов.  

 Дегенмен, осы салада бірқатар түйткілдер бар. Ресейлік мамандардың айтуынша нарықта контрафактілік өнім көп, бұл жайт заңды түрде жұмыс істейтін өндірушілер мен жеткізушілерге ауыр. Контрафактімен күрес жүргізуде заңнамалық база әлсіз, ол қайта қарауды талап етеді. Өзбекстандағы сала сарапшыларының айтуынша, көрші республикадағы цемент өндірісінің жылдық көлемі 5-10%-ға артып отыр және 2020 жылға қарай бұл деңгей жылына 12,5 тоннаға жетеді. Сонымен қатар Өзбекстанда цементті құрғақ дайындау әдісі кең қолданыс тауып отыр, бұл әлемдің тенденция.

«Жылына 9 млн тоннаға дейін сұранысы бар Қазақстанның  бүгіннің өзінде өндірістік қуаты жылына 13 млн тоннаны құрап отыр. Яғни біз қазіргі таңда ішкі нарықты қамтып, өнімді Өзбекстан, Ресей, Қырғызстанға тасымалдап жатырмыз. Басты мәселе – бақылаушы органдар тарапынан сертификаттау мен құжаттарға деген қатаң талабы болып отыр. Тауар сәйкестігі сертификаттары, анықтамалар, рұқсат құжаттар, лицензиялар керек. Бүгінде бізге құжаттар жинағаннан гөрі цемент өндірген әлде қайда жеңіл. Осындай жағдайда контрафакт белең алып барады. Ресейде секілді бізде де заңсыз тауармен күреске арналған нормативті база осал», – деді «QazCem» Қазақстан цемен және бетон өндірушілері қауымдастығыны атқарушы директоры Ербол Әкімбаев.

 Конференция барысында Қазақстан шетелдік инвестицияларға  ашық екені айтылды – Қазақстан Дүниежүзілік Банктің Doing Business рейтингінде Беларусь, Армения мен Қырғызстанды артқа тастап 36-орынды иеленген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер