«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы полиграфиялық колледжінде «Japan club» ашылды

2018 жылғы 04 Желтоқсан
- Алматы қаласы
7141 просмотров

Студенттер жаңа шығармашылық зертханада жапон тілін осы тілді жетік меңгерген оқытушылардан үйреніп, жапон мәдениеті және дәстүрлерімен жақын танысу, каллиграфия, оригами мен икебана өнерін үйрену, сонымен қатар Жапонияда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады.

Алматы полиграфия колледжі студенттердің практикасы ұйымдастыруда оқу орындары және кәсіпорындары, түлектер оқуын жалғастыруы үшін шет елдермен ынтымақтастықты жолға қойған.

«Қазақстанда полиграфиялық кәсіпорындарға маман даындайтын бейінді жоғары оқу орны жоқ. Біз көп мемлекетпен жұмыс істейміз. Атап айтқанда, Ресеймен байланыс орнаған: Мәскеуде 120 адам, Санкт-Петербургта 75 адам оқып жатыр. Германиямен, Қытайдың Шанхайы мен Бейжіңімен жұмыс істеп жатырмыз, енді Жапониямен ынтымқтастық орнатылып жатыр. Неге Жапонияны таңдадық? Бұл елде полиграфия, оның ішінде цифрлық технологиялар  саласы қарқынды даму үстінде. Мұнда негізінен полиграфиялық жабдық шығарылады. Жапонияға екі рет барып келдік, өнім түрлерін көріп, өзімізге қажетті бағытты – 3D-технологияларды таңдап келдік», – деді Алматы полиграфиялық колледжінің директоры Біләлдин Ахметов. – Балаларымыз Жапонияға барып, білім, тәжірибе алуға барады деген үміттемін, осы мақсатта жапон клубын аштық. Басты миссия – жапон тілін үйрену».

Клуб бағыты оригами мен каллиграфия, сонымен қатар икебана өнерін игеруге негізделген. Жапон орталығы «Полиграфистер, баспагерлер мен кітап таратушылар кластері» шеңберінде, сонымен қатар Біліктілікті дамыту орталығы шеңберінде ашылды.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы колледжбен Дуальді білім беру жүйесінің жол картасын дамыту мақсатында белсенді жұмыс істеп келеді.

 «Жаңа жабдық қоюға болады, бұған көп қаражат жұмсауға болады, бірақ көп жағдайда бизнестегі табыстылық адами ресурстарға байланысты. Оқыту, тағылымдамадан өтуді ұйымдастырудағы көмектеріңіз судентеріміз бен түліктеріміз үшін өте маңызды. Бізге 3D-технология өте қызықты, өйткені технологиялар экономиканың көп саласын қамтиды, мұндай жобалар балаларымыздың көкжиегін кеңейтеді, яғни балалар жұмысқа қажетті жақсы біліктілікке ие болумен қатар жұмыс табуға және сонымен қатар Жапонияның ең озық салаларында өздерінің дағдыларын дамытуды жалғастыруға мүмкіндік алады», – деді Алматы қаласы ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Вера Цзин.

  Іс-шараға мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, компаниялардың өкілдері және Жапониядан келген серіктестер қатысты.

Тараптар – Алматы полиграфиялық колледжі мен Japan printing Academy арасында ақпарат алмасу, Жапонияда тәжірибе, тағылымдамадан өту, тәжірибе, мамандармен алмасу, оқыту бойынша кеңес алу мақсатында ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Тараптар бір-біріне техника мен технологиялар түрінде техникалық көмек көрсету, ақпаратпен алмасу, бірлескен практикалық жобаларға қатысуға уағдаласты.

 Айта кетелік, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және Алматы қалалық білім беру басқармасы бірлесіп, Алматы полиграфия колледжі базасында, полиграфиялық компаниялар мен баспаханалар үшін кадрлар даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және сертификаттау салалық оқу-әдістемелік кластері бойынша халықаралық жобаны жүзеге асыруда. 

Тамызда «G CUBE CO., LTD» компаниясымен (Жапония) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, 3D-технологиялар мамандарын дайындау бойынша зертхана ашылды.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер