«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Заңсыз пиротехникаға қарсы рейд жүргізіледі

2018 жылғы 12 Желтоқсан
- Алматы қаласы
4538 просмотров

Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті қоғамдық тамақтану объектілерінің өрт қауіпсіздігі, сонымен қатар жаңа жылдың қарсаңында рейдтер жүргізіліп, контрафактілі пиротехника тәркіленетіні туралы ескерту мақсатында бизнесмендермен кездесті.

Жаңажылдық мекерелердің қауіптілігін Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жақсы біледі.

 «Алматы қаласы бойынша жыл сайын жаңажылдық мерекелерде 31 желтоқсанн 5 қаңтар аралығында  10-нан 20-ға дейін өрт болады. Өрттің 40%-ы пиротехникалық өнімдерден болады. Медициналық жедел жәрдем қызметінен алынған ақпаратқа сәйкес былтыр сол уақыт аралығында түрлі жарақатпен 21 адам келіп түсті, оның 15-і – бала. 21 оқиғаның 12-сінде питарда адам қолында жарылған», – деп ақпарат берді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы Талғат Дюсебаев.

 20 желтоқсаннан бастап Алматы қаласында заңсыз пиротехникаға қарсы рейдтер басталады, оны Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті полиция қызметімен бірге жүргізеді. Олар «контрафактілі пиротехникалық өнімдерді заңсыз сатуды анықтау» мақсатында барлық дүкендер мен базарларды аралайды. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметтері бойынша 2015 жылы оңтүстік астанада 45 рейд жүргізілді, оның барысында 1000 келі пиротехника тәркіленді, 2016 жылы – 62 рейд, нәтижесінде 4000 келі пиротехника тәркіленді, 2017 жылы – 50 рейд жүргізіліп, 1700 келі пиротехника тәркіленген. Мамандардың айтуынша, пиротехника ашық аспан астында сатылмау керек (дүкеннің ішінде болуы шарт), сонымен қатар аталған тауарда сапа сертификаты болуы керек.

 «Жаңа жыл түнінде қайғылы өрт жағдайларды қалай алдын алуға болады? Біз жазалау мен айыппұлдық санкцияларды айтып тұрғанымыз жоқ. Қауіпті оқиғаларды болдырмауды қалаймыз. Енгізілген жаңашылдықтарымыздың бірі – 1432 қысқа нөмірі. Егер сізге органдар заңсыз тексерумен келсе, осы нөмірге хабарласып, кеңес ала аласыз. Қажеттілік болса, сарапшыларымыз сізге келе алады», – деді Алматы ӨКП директорының орынбасары Айтуар Қошмамбетов.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер