«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өндірісі тоқтап қалған жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне 42 500 теңге төлеуге міндеттеледі

2020 жылғы 23 Мамыр
- Алматы қаласы
5084 просмотров

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы бұл норманы қайта қарастыруды ұсынды

«ҚР Еңбек кодексінің 112-бабына сәйкес жұмыс беруші өндіріс тұрып қалғанда жұмыскерге ең төменгі айлық еңбекақы мөлшерінен төмен емес көлемде төлем жасауға міндетті. Мында даулы мәселе туындайды, Алматы қаласында жұмыс істеуге рұқсат етілген салалар мен экономикалық қызмет түрлерінің бекітілген тізімі бар. Сондай-ақ мәжбүрлі түрде жұмыс істемей жатқан салалар бар, олар бұл норманы тоқтата тұруға қатысты өтініштермен келіп жатыр», – деді Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов.

Спикер мысал келтірді: 16 наурыздан бастап Алматыда қоғамдық тамақтану саласы жұмыс істемейді. Сатылымдары, түсімі, қаражат айналымы жоқ кәсіпкерлер 12 мамырдан бастап өз жұмыскерлеріне ең төменгі айлық еңбекақыны төлеуге міндеттеледі.  

 «Бұл жайт оларды жұмыскерлермен келісімшартты бұзуға итермелейді. Бұл мәселе кәсіпкерлік ортада қызу талқылануда. ӨКП бұл мәселені жергілікті және республикалық деңгейде қайта қарауды сұрайды. Осыған дейін  ТЖ, карантин режимі болмады, бұл процестер өз  түзетулерін енгізуде. Аталған нормативтік актілерге өзгерістер енгізілген соң осы аспектілерді ескеру керек деген ойдамын», – деді ол.  

Айта кетелік, қызметкерлерге ең төменгі айлық еңбекақы төлемегені анықталған жұмыскерлерге айыппұл қарастырылған;  шағын бизнеске айыппұл көлемі 60 АЕК, орта бизнеске – 100 АЕК, ірі бизнеске – 150 АЕК-ті құрайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер