«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматылық кәсіпкерлерге берілген тауардың шығу түбін растайтын сертификат екі есе артты

2023 жылғы 10 Қаңтар
- Алматы қаласы
5765 просмотров

Оңтүстік астанада тауар өндіру көлемі артып келеді. 2022 жылы Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы кәсіпорындарға 1457 сертификат берді.

2021 жылы кәсіппорындарға772 сертификат, 2020 жылы – 470 сертификат берілген.

Тауардың шығу түбін сертификаттау бөлімінің сарапшысы Сәуле Нұрбекованың айтуынша, 2022 жылы Алматы кәсіпкерлер палатасы 11 815 экспорттық сертификат берген. 2021 жылы бұл көрсеткіш толық жыл ішінде 9 827 сертификат, 2020 жылы – 5 967 сертификатты құрады.

Өндірісті сертификаттау саласында индустриялық сертификат ерекше маңызға ие. Егер кәсіпкердің технологиялық жабдықтармен қамтылған жеке өндірісі болса, жұмыс істеп жатқан мамандар бар болса мұндай сертификатты алуға болады. Сертификатты рәсімдеу 2 кезеңде өтеді.

«Индустриялық сертификат өте маңызды құжат. Құжатты бірінші кезеңде алу үшін кәсіпкер салалық қауымдастықтың салалық сарапшысының қорытындысын алуы тиіс. Салалық сарапшы кәсіпкер өндірісінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындайды және қорытынды береді. Оң қорытынды алғаннан кейін кәсіпкер Ұлттық кәсіпкерлер палатасының atameken.kz сайты арқылы өтініш береді. Бұдан әрі индустриялық сертификатты ресімдеумен облысыңыздағы өңірлік кәсіпкерлер палатасының мамандары айналысады», – деп атап өтті маман.

Сертификат 3 жылға тегін беріледі. Алайда, егер тауар өндірісінде, жұмыстар мен қызметтерді жеткізуде өзгерістер болмаса, сертификат жыл сайын жаңартылып отыруы тиіс. Егер өзгерістер болса, кәсіпкер сертификатқа өзгерістер енгізу туралы өтініш беруі керек.

2022 жылы Алматы кәсіпкерлер палатасы 68 индустриялық сертификат берді.

«Сарапшылар кәсіпорындарды база, жабдық, технологияның болуына, сондай-ақ өндірістің мәлімделген қуатының сәйкестігіне тексереді. Егер өндіріс барлық талапқа сай болса, индустриялық сертификат ешқандай кедергісіз беріледі. Индустриялық сертификатты қалыптастыру қағидалары бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп әзірленді, өндірушіні тізілімге енгізу өтеусіз және ерікті түрде жүзеге асырылады. Қазір Қазақстанда шетелдік компаниялардың өндірісін релокациялау процесі жүріп жатыр. Осыған байланысты тауарларды сертификаттау бойынша жұмыстар ұлғайтылып, сертификаттар беру бойынша бақылау күшейтіледі», – деп атап өтті Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов.  

Анықтама: Индустриялық сертифика – кәсіпорынның отандық өндіруші екенін растайтын құжат. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» Заңының 12 және 14-баптарының ережелеріне сәйкес ҚР ҰКП тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімін қалыптастырады және жүргізеді, тауардың шығу түбі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру, оның қолданысының күшін жою шараларын сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер