«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге құжаттар қабылданады

2023 жылғы 28 Ақпан
- Алматы қаласы
5138 просмотров

 Алматы қаласы кәсіпкерлерінің назарына!

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 20-бабына және 79-4-бабының 1-тармағына сәйкес және  Қазақстан Республикасының Үкіметі 2021 жылдың 28 қазандағы №773 Қазақстан Республикасының Үкіметі 2021 жылдың 11 қарашадағы №795 дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда)  әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге арналған өтініштерді «Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ  қабылдайды.

Құжаттарды қабылдау: «Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ;

Пошталық мекен-жайы: 050040

Электрондық пошта мекен-жайы: info@almaty.upp.kz, mb_otdel@mail.ru;

Толық ақпаратты: Алматы қаласы, Байзаков көшесі, 303, 3 қабат, 302 каб.; немесе байланыс телефондары арқылы білуге болады: 390-20-99; 390-21-09.

Өтінім беру: «Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ.

Құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2023 ж. «01» наурыздан бастап 2023 ж. «15» наурыз аралығында.

Өтінімдерді берудің басталу күні: 2023 ж. «01» наурыз.

Өтінімдерді берудің аяқталу күні: 2023 ж. «15» наурыз.

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылдауға жатпайтынын атап өтеміз.

Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе қағидалардың талаптарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда ұйымдастырушы ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.

Конкурстық құжаттамамен сіз мына сілтеме бойынша таныса аласыз: https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2100000773/history

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер